Ғалымдар зағиптарға арналған смартфон ойлап тапты

Фотография - Ғалымдар зағиптарға арналған смартфон ойлап тапты

Жуырда Үндістанда көздері көрмейтін және шашар көретіндерге арналған смартфон шығарылмақшы. Жаңа тақташа бетінде Брайля қаріптері бар.

192 0

Жуырда Үндістанда көздері көрмейтін және шашар көретіндерге арналған смартфон шығарылмақшы. Жаңа тақташа бетінде Брайля қаріптері бар.

Колифорния университетінің профессоры, биоинженер Вентаи Лю тұңғыш рет әлемде бионикалық көз ойлап тапса, енді жарыққа жаңа смартфон шығып отыр.

«Біз тұңғыш рет Брайля стандартына сай келетін клавиатурасы бар смартфонды ойлап таптық. Бұл смартфонда  сенсорлық тақтасы мен түйсіну қайтарымы болады,-деді өнертапқыш Сумит Дагар.

«Смарфонды ойлап табуымыздың себебі- технологияның жетістігін барша адамзатқа жеткізу. Менің бұл жұмысым көзінің жанарынан айырылған азаматтардың барлығына дерлік өз көмегін тигізеді деген сенімдемін». Смартфонды ойдағыдай жасап шығу үшін Дели технологиялық университетінің мамандарымен қоян-қолтық жұмыс істедік. Қазіргі таңда олар дәл осы смарфонның прототипін жасап,  Хайдарабадегі офтальмологиялық институтаттан оң пікір алды»,-деп хабарлайды Ұлттық дизайн институтының аспираты Сумит Дагар.

Өнертапқыштар бұл жетістіктерімен тоқтап қалмай, алдағы уақытта бұл жұмысты үдете түсіп, жарық дүниені көру қабілетінен айырылған азаматтар үшін одан жақсырақ моделді жетілдіруді мақсат тұтып отыр. Әлгі смартфонды жасау барысында Дагараның алты серіктесіне үш жыл уақыт кеткен.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!