Марс Уан компаниясы қызыл ғаламшарда ел қоныстандырумен айналыспақ

Фотография - Марс Уан компаниясы қызыл ғаламшарда ел қоныстандырумен айналыспақ

Сәуір айынан бастап Марсқа көшуге ниет білдіргендерді тіркеу басталды.

249 0

Сәуір айынан бастап Марсқа көшуге ниет білдіргендерді тіркеу басталды.

Төрт ай бойы Марсқа ұшқысы  келген кез-келген адам компанияға өзі туралы бейнеролик жібере алады. Басты талап - денсаулығы жақсы 18 бен 60 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер болуы керек.

Ғылыми-техникалық білім алғандардың артықшылығы бар. 2015 жылдың шілде айында компания бағдарламаға таңдалған 24 адамның есімін жариялайды. Олар жеті жыл бойы дайындалып, 2023 жылы алғашқы төрт адам Марсқа қонуы тиіс. Ал мұның алдында, 2016 жылы Марсқа екі жарым тонна азық-түлік жіберіледі, ал екі жылдан кейін қоныс салуға ең лайық жер таңдайтын аппарат ұшады. Сосын автоматтар алғашқы адамдар үшін үйлер салады. Қажетті қуатты Күн батареялары өндірсе, азығын өздері өсіруі тиіс.  Сонымен қатар төтенше азық-түлік қоры жасалып, ол әрбір екі жыл сайын Марсқа ұшып келетін жаңа қоныстанушылармен бірге толығып тұрады. Осылайша 2033 жылы Марс тұрғындарының саны жиырмаға жетуі керек. Ең қиыны олар Жер бетіне ешқашан оралмайды. Марстың тарту күші Жермен салыстырғанда әлдеқайда аз, сол себептен ғарышкерлер салмағын жоғалтқандықтан, Жердің тарту күшіне қайта бейімделе алмайды. Осыған қарамастан 100-ден аса елден 10 мыңға жуық адам Марсқа ұшуға ниет білдіріп үлгерген.

Бас Ленсдорп, Марс Уан компаниясының жетекшісі:

-Кез-келген үлкен қадам қауіпті. Марсқа адам жіберуде де қатер көп. Бірақ біз осы адамдарға төнген қауіп туралы ескертіп, олар өздері шешім қабылдайды.

Дегенмен ғалымдар осы жобаның іске асатынына күмән білдірді. Марс адам тіршілігіне жарамсыз саналады. Онда сұйық су жоқ, радиация деңгейі жоғары және температурасы жиі өзгеріп тұрады. Ал бұл адамның иммунитетін әлсіретіп, қатерлі ісіктердің дамуына әкеледі. Сонымен қатар тек алғашқы адамдарды қызыл ғаламшарға жіберу үшін 6 миллиард доллар қажет. Марс Уан компаниясы ғарышкерлердің дайындығы мен Марстағы тұрмысын реалити-шоу түрінде көрсетіп, осы қаржыны табуды көздеп отыр. 


Тегтер:

космос

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!