Адам қолы телефонмен басқарылмақ

Фотография - Адам қолы телефонмен басқарылмақ

Заманауи технология деп осыны айтыңыз, енді мүгедектерге арналған жасанды қолдарды ұялы байланыс телефондары басқармақ.

219 0

Заманауи технология деп осыны айтыңыз, енді мүгедектерге арналған жасанды қолдарды ұялы байланыс телефондары басқармақ.

Айфонның қосымша функция­ларын­да жасанды қолдың қызметін басқарушы операциялар пайда бол­ды. Мамандардың айтуынша, Touch Bionics жасап шығарған i-Limb атауына ие жасанды қолдар адамның бұлшық­еттері сигналдарына сәйкес қимылдап ғана қоймай, айфонның бұйрығына сай да қозғалып тұрады. Аталмыш байланыс құралында протездің қоз­ғалысына арналған 24 түрлі позиция бар, тіпті әр саусақтың әрекеті телефон арқылы іске асады. Мысалы, айфонда белгіленген саусақты түзу ұстап компьютердің пернетақтасында текст теруге немесе бас бармақты ию арқылы ұсақ-түйек заттарды жерден көтеріп алуға, ағаштардан жеміс жинауға әбден болады. Тіпті дене жаттығуларымен айналысу үшін де арналған ыңғайлы сілтемелер бар деседі.

Айта кетейік, барлық атқарушы функциялар Bluetooth жүйесімен жұмыс істейді.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!