Қызыл шарап семіртеді

Фотография - Қызыл шарап семіртеді

Кешкілік ас алдында қызыл шарап ішу көптеген әлем елдерінде қалыпты үрдіске айналған. Бірақ қазір оның адам ағзасында көп мөлшерде май түзіп, артық салмақ тудыратыны дәлелденіп отыр.

333 0

Кешкілік ас алдында қызыл шарап ішу көптеген әлем елдерінде қалыпты үрдіске айналған. Бірақ қазір оның адам ағзасында көп мөлшерде май түзіп, артық салмақ тудыратыны дәлелденіп отыр.

Кешкі ас алдында шарап ішудің пайдасымен қатар, зияны да көп екенін ресейлік ғалымдар дәлелдеп берген. Ғы­лыми-зерттеу институты маман­дарының айтуынша, алкогольді ішімдіктер адамды есінен адас­тырады, тіпті екі бокал қызыл ша­раптың өзі адамның өзін-өзі ба­қылауына кедергі келтіреді. Соның салдарынан адам әдеттегі тамақ­тану нормасын бақылай алмай, кало­риясы жоғары тағамдарды тым көп мөлшерде пайдаланады екен. Сарапшылардың зерттеу жұ­мыстарына мыңнан аса адам қа­тысқан, нәтижесінде ішімдіктен кейін арқау болған астың майлы­лығы әдеттегіден 9%-ға артық екені белгілі болды.   

Айта кетейік, қазіргі таңда бүкіл әлем оқымыстылары арасында қызыл шарапқа қатысты қызу та­лас-тартыс жүріп жатыр. Бірі ішім­діктің бұл түрі денсаулыққа пай­далы десе, енді бірі қызыл ша­раптың қандай түрі болмасын, адам ағ­засына зиянды деген мәлім­демелерін дәлелдеп әлек.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!