Америкадағы үндістер біздің қандастарымыз болуы мүмкін

Фотография - Америкадағы үндістер біздің қандастарымыз болуы мүмкін

Ол Америкадағы үндістердің шығу тегі туралы ғалымдардың болжамын тілге тиек етті.

354 0

Түркістанда өткен бесінші түркология конгресінде белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Шәкір Ыбыраев пленарлық мәжілісте бір маңызды мәселені жанап өтті. Ол Америкадағы үндістердің шығу тегі туралы ғалымдардың болжамын тілге тиек етті.

Америкадағы үндістердің ті­лін­дегі 3 мыңдай түбір сөз түркі ха­­лықтарына ортақ. Мұнан тыс жа­ңа туған баланың құйрығының жо­ғар­ғы жағындағы көк түймедей көк мең­нің болуын бүгінгі күнгі меди­ци­на ғылымы АҚШ-тағы үндістердің сә­билерінде де кездесетінін дә­лел­деп отыр. Бұл тегі түркі халықта­рын­да ғана бар, – деді.

Біраз жылдардан бері бірқатар шетел ғалымдары тарапынан там-тұм­дап қана айтылып келе жатқан мәселе тағы да көтерілді. Сондықтан түрколог ғалымдардың басы қосыл­ған сәтті пайдаланып, Америка үн­діс­терінің шығу тегі туралы білуі мүм­кін деген профессорларды ізде­дік. Түркістанға Астанадан келген түркітанушы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Түр­ко­логия және Алтайтану ғылыми зерт­теу орталығының директоры, фило­ло­гия ғылымдарының докторы, про­фессор Қаржаубай Сартқожаұ­лын әңгімеге тарттық. Ол:

– Үндістердің алғашқы легі біз­дің жыл санауымыздан 40 мың жыл бұрын, екінші легі 20 мың жыл бұ­рын, соңғы легі 12 мың жыл бұрын Альяс­ка арқылы Америка конти­нен­тіне кеткен. Өте көп тайпалар солай қа­­рай өтті. Олардың ерекшелігі мы­на­дай. Тәңірлік дінді ұстанады. Олар көшкен кезде біз де сол дінде бол­ғанбыз. Жаңа туған баланың се­гіз­көзінің маңында көк меңі бар. Та­тардың ғалымы Калимуллин, өзі­міздің Ахметов үндістердің тілін зерт­теп, 4 мыңдай түркінің түбір сөз­дерін қолданатынын анықтады. Сөй­тіп, ғалымдарымыз қазір Аме­ри­ка үндістері кезінде түркі тектес ха­лық болған деген тұжырымға ке­ліп отыр. Америка үндістерінің біз­бен, яғни түркі халықтарымен ар­ғы тегі бір, – дейді профессор.

Қаржаубай мырзаның айтқанына қо­сарымыз, Америка үндістерінің тұрмыс салты да көшпенділердікі сияқ­ты. Мысалы, жақында «Азаттық» радиосының тілшісі АҚШ-тағы 30 жыл бойы киіз үй жасап, оны сатып, ор­натып берумен айналысып жүрген ком­панияның жұмысымен таны­сып­ты. Colorado Yurt Company компания­сы қазақтардың үлгісіндегі киіз үй­ді «бір-екі күннің ішінде оңай ті­гі­летін, экологиялық таза баспана» ре­тінде сипаттайды. Компания «Киіз үйдің ағаштан жасалған бө­лік­тері мәңгі қызмет етеді, ал мата­дан жасалатын жоғарғы бөлігі киіз үй тігілетін жердің климаты мен күн қызуына қарай 8-15 жылға шыдай­ды» деп кепілдік береді. Киіз үйдің ішіне электр жарығын тар­тып, пеш орнатып, жатын бөлмені қа­бырғалармен бөліп, әжетхана, ас бөл­месін жабдықтауға болады. Colorado Yurt Company компаниясы киіз үйден бөлек көшпелі үндістер­дің дәстүрлі жылжымалы баспанасы – типи де тұрғызады. Компания қожайындары Дэн Кигер мен әйелі Эмманың тілшіге айт­қанындай, олардың бұл кәсіп­терны 1977 жылы жұмыс істей бас­та­ған. Қазір ерлі-зайыпты Кигер­лер­дің 28 жұмысшысы, Колорадо шта­тының Монтроз қаласында ша­ғын зауыттары бар екен. Қалада 15 мыңдай адам тұрады. Дэн Кигердің айтуынша, компанияны құру идеясы 1970 жылдары, «табиғатқа оралу» қоз­ғалысы өрістеген жылдары туып­ты. Олар дәстүрлі киіз үйді осы за­ман­ғы материал, техника мен құ­рылыс тәсілдері арқылы жасайды. Жұ­мыс істегеннен бергі уақыт ішін­де компания мыңдаған киіз үй жа­сап, жылдың кез келген мезгілінде 50 шақты баспана тұрғызады.

Кейбір тапсырыс берушілер киіз үйді тауда немесе көл жағасына ті­гіп, қала сыртындағы үй ретінде пай­даланады. Үйін салып біткенше киіз үйде тұратындар да бар. Бірақ киіз үйді сатып алатындардың көп­шілігі оны тұрақты баспана ретінде пай­даланады. Клиенттердің тағы бір тобы – ұйым, мекемелер киіз үй­ді өз клиенттеріне қызмет көрсету үшін пайдаланады. Мысалы, жас скауттар ұйымы, шаңғы курорттары мен экологиялық тұрғыдан таза сая­хаттар ұйымдастыратын курорт­тар, табиғат аясында йога, медитация өткізетін студиялар киіз үй сатып алады. Тапсырыс берушілердің көбі киіз үйге медитация жасауға таптыр­мас ыңғайлы орын ретінде, яғни «рухани архитектурасына бола» қызығады. Клиенттерге киіз үйді та­сымалдауға ыңғайлылығы, онда уа­қытша тұруға болатыны ұнайды.

– Экономикалық дағдарыстан кейін қарапайым тұрмысқа көшіп, та­­биғат аясына оралғысы келетін жандар көбейді, – дейді Дэн Кигер. Ком­пания қожайындарының айт­уын­ша, орташа көлемді киіз үйдің ба­ғасы – шамамен 14 мың АҚШ дол­лары. Америкада орташа көлемді үй­дің құны бұдан төрт-бес есе қым­бат, – депті.

– Америка құрлығын мекенде-ген байырғы тұрғын халқы – үндіс­тер­дің байлықтарын иемденген еу­ропалықтар құлқын үшін талай үн­д­істерді қырып жібергеніне тарих куә. Сол алапат заманда аман қалған америкалық үндістердің түркі жұрты ұрпақтары екендігін дәлелдейтін басқа да деректер аз емес. Бірінші­ден – мұз басу дәуіріне дейін (б.д.д. 11-9 ғ.ғ.) Солтүстік Америка мен Сол­түстік Сібір жер қыртыстары тұтас бірігіп жатқан. Екіншіден – үн­дістер антропологиялық жағынан үлкен моңғол пішіндестер тобына жатады, яғни тыва, топа, хакас, саха т.б. Алтай тауының теріскейінде ме­кен еткен түркі тектес¬тер болып шы­ғады. Үшіншіден – профессор Сарт­қожаұлы айтқан тек қана түр­кілерде ғана кездесетін көк тәнділік үндістерге де тән. Төртіншіден – қа­зақтың белгілі ғалымы, марқұм ака­демик Рахманқұл Бердібай аға­мыз АҚШ-та болған сапарында үндіс­тердің үйінде қонақта болға­нын айта келіп: «Олардың қонақ күту мәзірі біздің қонақ күтуімізге ұқсас және күн шығарда екі қол­дарын жоғары көтеріп, күнге қарай өздерінше бірдеңелерді айтады» деген болатын. Бұл дегеніміз, үндіс­терде баяғыдағы отқа, күнге, жарық­қа табынатын шаман дінінің сенімі сақталғанын дәлелдейді. Осы орай­да филология ғылымдарының кан­ди­даты Сайдалы Оразалиев:

– ХХ ғасырдың басында жазыл­ған Құрбанғали Халидтің «Тауарих хамса», Әбілғазының «Түрік шежі­ресі» атты еңбектерінде айтылған түркінің бұлғарлар, малқарлар, мажарлар, хазарлар тармағы қазіргі күнде ұлт ретінде жойылып, Еуропа ел­деріне сіңіп кеткені белгілі. Та­мы­рымыз бір екенін білуіміз керек. Сондықтан, біріншіден – түркі тек­тес елдердің жазу таңбаларын ор­тақ­­тастыру; екіншіден – әдебиеті мен мәдениеті және өнерінің онкүн­дік­терін өткізіп отыру; үшіншіден – ті­лі мен дінін, тарихын, салт-дәс­түрі мен әдет-ғұрпына қозғау сала­тын халықаралық ғылыми-прак­ти­калық конференциялар ұйым­­­­дастырып тұру түркі халықтарын бұ­­­рын­ғыдан да жақындастыра тү­сетіні сөзсіз, – дейді.

Жалпы, Американы ашқан үн­дістер болуы мүмкін, Христофор Колумб емес. Қазір бұл құрлықты ме­кендеген көне үндіс тайпала­рынан қалған ұрпақ, мысалы, АҚШ халқының 1 пайыздайы ғана болуы мүмкін. Сонау ХV ғасырда Христофор Колумб материкті ашқаннан кейін Еуропа халқы мұнда лек-легімен ағыл­ғанын жақсы білеміз. Кейін АҚШ құрылып, мемлекет аяққа тұра бастағаннан кейін әлемнің төрт бұ­рышынан келушілердің саны артты. Қазіргі таңда аталған елде қазақ­тар­дың да диаспорасы бар. Америка қазақтарының ассоциациясы деп аталатын ұйымның негізін қалаған – Дархан Нұрмағамбетов деген аза­мат. Оның айтуынша, АҚШ-тағы қа­зақ қандастарымыздың саны ша­мамен 40 мың адамды құрайды де­седі.

Олардың көпшілігі құр­лық­қа үшінші лекпен, яғни Қазақстан еге­мен­дігін жариялағаннан кейін кел­ген. Жалпы, Еуропаға көшіп келген се­кілді Америкаға да қазақтар үш лекпен қоныс аударыпты. Алғашқы лек ашаршылық пен ұжымдастыру­дың салдарынан елден кеткен қан­дастарымыз. Олар алдымен Иран мен Пәкстанға, одан Түркияға көш­кен. Түркиядан Еуропа елдеріне қо­ныс аударған. Кейін жұмыс ізтеп, АҚШ-қа қарай жүзіп өткен. Алайда кейбір тарихи деректерге сүйенсек, Америкаға ең алғашқы қазақтың аяғы сонау ХІХ ғасырдың жетпісінші жылдарында-ақ жеткен екен. Қазақтар көшінің екінші тол­қыны екінші дүниежүзілік соғыс жыл­дарымен сәйкес келеді. Майдан даласынан қайтқан кейбір бауырла­ры­мыз өзге жауынгерлермен бірге АҚШ-қа кетіп қалған. Ал үшінші ке­­зең КСРО ыдырап, оның құра­мын­дағы мемлекеттер тәуелсіздігін ал­ғаннан кейін басталды деуге бола­ды.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, біздің жыл санауымыздан 10 мың-20 мың жыл бұрын Сан Франсиско түбегін үндістер мекендеген. Еуро­па­лықтар келгенде, сол аймақта Олони деп аталатын тайпаларды кез­дестірген.Олони деген сөз үн­дістердің тілінде «батыстағы халық» деген мағынаны береді. Олар сол тү­бекке біздің жыл санауымызға дейінгі 8 мыңыншы жылы келген кө­рінеді. Әлемдегі ең алып ағаш Секвоя деп аталады. Секвойя Америка құр­лықтарын жайлаған үндістердің же­рінде өседі. Бұл – жер бетіндегі ең үлкен әрі ең ұзақ жасайтын өсім­дік. Алып Секвоялар 4 мың жыл ж­а­­сайды. Олардың орташа биіктігі 95 метр, ал диаметрі бес метрден он бір метрге дейін жетеді. Төрт мың жыл­дық тарихы бар ағаштың сал­мағы 2 995 796 келі. Ал ең биік Сек­­­воя – Гиперион. Оның биіктігі 2006 жылы 115 метрге жеткен. Ға­лым­дар ағаштың әрі қарай өсуіне ұшар басына салынған құстың ұясы бөгет болған дейді. Бүгінде бұл жа­сыл желекті өсімдіктер АҚШ-тың Ұлт­тық саябағы ретінде мемлекеттің қор­ғауына алынған. Ал Секвояны үндістер еккен.

Мамандар Секвояның сонау мил­­лиондаған жылдар бұрын пайда болғанын дәлелдеп отыр. Бұл ағаш­тар азайып-азайып, бүгінде Сьер­ра-Невада тауы мен Калифорния, Оре­гон ормандарында ғана қалды. Америка құрлығын мекендеген үндістердің біразы чероки тілінде сөйлейді. Ғалымдардың зерттеп жүр­­гені осы тіл болса керек.Үндіс­тердің асқақ рухын танытып тұрған Сек­вояларды отау да – отарлау сая­сатының бір белгісіндей... Тай­пасының тағдыры үшін ерлік рухын танытқан чероки көсеміне Секвоя есімі берілген. Черокилер тайпалық қоғамнан асып, мемлекет құру қа­дам­дарын жасаған бірден-бір үндіс тайпасы. ХІХ ғасырдың орта шенінде черокилер өз Конституциясын қа­был­дап, заң жүйесін бекітті. Сайлау ар­қылы үкіметін жасақтап, пре­зи­дентін, яғни Ұлы Көсемін орынтаққа отырғызуды көкседі. Қазіргі күні черокилердің өз Конституциясы, өз Көсемі бар. Бірақ еншісінде еркін­дігі де, жері де жоқ. АҚШ үкіметі та­рапынан черокилер тайпа ретінде танылып, оларға резервациялық аумақ бөлініп берілген. Чероки тай­пасы жерінің белгілі бір аумағын ка­зиноларға жалға беріп, содан түс­кен қаражатқа күнелтеді. Мек­тептері мен ауруханаларын да осы қа­р­жыға салады. Әрі тайпа феде­рал­дық бюджеттен арнайы субси­дия­лар алып тұрады. Айта кетерлігі, үндіс резервацияларында ойынха­налар салуға мүлдем тыйым салын­байды. Үндіс тайпалары үшін негізгі кіріс көзі осы. Чероки халқы үшін де тілінің тағ­дыры бүгін қыл үстінде тұр. Аме­ри­ка құрлығының байырғы иесі күл­лі үндістердің ортақ қасіреті – ана тілі. Америка Құрама Штаттарын жайлаған черокилердің саны – 250 мың. Олардың бір пайызы ғана ту­ған тілінде емін-еркін сөйлей ала­ды. Тайпа көсемдері туған тілдеріне түбегейлі жойылып кету қаупі төніп тұрғанын жасырмайды. Халықтық болмыс-бітімін сақтау үшін мынадай қайғылы қадамдарға да барып жа­тыр. Онсыз да аз халық арнайы ре­фе­рендум өткізіп, ел Конституция­сына өзгеріс енгізбекші. Таза қанды черокилерді ғана тайпа құрамында қалдырмақшы көрінеді. Алтайдан келген филология ғы­лымдарының кандидаты, доцент На­дежда Алмадақова да Амери­ка­дағы үндістердің қандастарымыз болуы мүмкін екенін жоққа шығар­майды.

– Өз басым, арада сонша уақыт өт­кеніне қарамастан, тілдік ұқсас­тық сақталып қалса, тұрмыс-салт­тағы бірлік кездессе, ең бастысы ге­не­тикалық жағынан ұқсастық бол­са Америка үндістерін кезінде Альяска арқылы солай қарай барып, қоныстанып қалған қандастарымыз деп есептеймін,-деді.

АҚШ-тағы қазақтың алты қанат үй­леріне қарап, осы кезге дейін ай­тылып келген ғалымдардың бол­жам – дерегіне толықтыру енгізу ке­рек сияқты. Үндістер түркі тек­тес қазақтар емес пе екен?

Қуандық ОРАЗБЕКҰЛЫ,

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!