Ең ақылды адамдар...

Фотография - Ең ақылды адамдар...

Де­сек те, ға­ламтор мен зерттеу агент­­тік­терінің осыған қа­тысты өз бол­жам­дары бар.

370 0

 Ақиқатында әлемдегі ең да­ныш­­­пан адамдар кім­дер? Бұл сауал қандай өл­шемге қа­тыс­ты анықталады? Жалпы, адам­ның ақылды болуы миының сал­мағына байланысты ма? Әрине, пікірлер әрқилы. Де­сек те, ға­ламтор мен зерттеу агент­­тік­терінің осыған қа­тысты өз бол­жам­дары бар.


Негізі адамның ақылдылығы оның миы­на қарап бағаланады десек, бұл дұрыс қисын ба? Егер осы пікірге ден қоятын бол­сақ, ауыр салмақты ми Тургеневтікі (2012 грамм) болып шығады , ал Эйнш­тейн­дікі – 2000 грамм. Рас, екеуінің та­нымалдылығы жоғары. Бірақ...


Психологияда «интеллект коэффи­циенті» деген бар. Бұл ереже бойынша адам­ның өресінің мықтылығын арнайы тест сауалдары арқылы анықтайды. 1912 жылы неміс ғалымы Штерн енгізген бұл жүйе шындығында әлемдегі кімнің ақылды, логикалық жағынан ойлау, тез арада шешім табуының мықтылығы және тапқырлығымен өлшенеді. Кім бұл сұ­рақ­тарға көбірек дұрыс жауап берсе, сол да­нышпан. Бірақ ол қаншалықты қисынды? Мысалы, Штерннің арнайы тест ережесі бойынша 0 ден 19-ға дейінгі бірлік көр­сеткіші бар адамдардың ақыл-ойы да­мымаған болып саналады. 20-36 бірлік – кеш дамуы, 69-85 бірлік орта деңгейге жақындау, 86-144 бірлік – орта деңгей, 115-124 бірлік – орта деңгейден биік, 125-134 бірлік – ақылы толысқан, ал 135-тен жоғары көрсеткіш – данышпан деп саналады екен.

Олай болса, ғаламға аты мәшһүр та­нымал тұлғалардың ой-бірлік өлшемін сараптап көрейік. Мысалы, жазушы Онере де Бальзактың өре өлшемі 187 бірлікті құрайды, ал біз сөз еткен миы салмақты ғалым Альберт Эйнштейннің бірлігі – 180. Бұл ретте Билл Гейтс – 160, Хиллари Клинтон – 140 Владимир Путин – 134. Кіші Джордж Буш – 120, Анджелина Джоли – 118, Алла Пугачева – 106 , Бритни Спирс – 98, Пэрис Хилтон – 70.

Бұл жерде Штерн тестіне қатысты дау айтуға болар: Мысалы, Пэрис Хилтоннің өре өлшемі «70» деген бірлік санды көр­сетіп тұр. Ережеге сенсек, оның ақылды­лығы « орта деңгейге жақындау» болып есептеледі. Бірақ Пэрис Хилтоннің таны­малдылығы өте жоғары ғой. Фотомодель , дизайнер, әнші, актриса, әлемдегі атақты «Hilton Hotels» қонақ үйлері желісінің қожайыны ретінде оны бүкіл әлем біледі. Салыстырмалы түрде қарайық: Мысалы, Гетенің өре өлшемі 200 бірлікті құрайды. Бұл орайда Ньютон мен Вольтер – 190, Галилея – 185, Леонардо да Винчи – 150, Бах пен Дарвин – 140, Коперниктің өре өлшемі – 130 бірлікті көрсетіп тұр. Жалпы, таразыға салар болсақ, әлемдегі халықтың 50 пайызының өресі 90 мен 110 бірлікті құрайтынын айта кету қажет. Жер шары тұрғындарының 2,5 пайызы ақылы то­лыспаған, миы дамымай қалған деп есеп­теледі . 2,5 пайызы ортадан, қалғаны орта­дан жоғары, ал 0,5 пайызы ақылды адам­дар санатына жатқызылады екен. Десек те, Штерннің өре өлшемі бір­лігіне қарап адамдардың данышпандығын саралайтын болсақ, әлемдегі ең ақылды адам кім?

Әлемдегі ең ақылды адам – Уильям Джеймс Сидис. Украинадан шыққан ев­рей эмигранттың баласы. Әке-шешесі Гарвард университетін бітіріп, АҚШ-тағы ең мықты психолог мамандардың бірінен саналған. Шешесі болса, Бостон университетін бітіріп, бала тәрбиесімен айналысқан. Ата-анасы Уильямді бала жасынан данышпан етіп тәрбиелегісі келгені байқалады. Оны әке-шешесі өз методикасымен тәрбиелеп, оқытқан. Шын мәнінде бала данышпан болып шыққан. Бір жасынан бастап ол қатесіз жаза бастаған, 18 айында «Нью-Йорк Таймс» газетін қиындықсыз оқи беретін болған. Төрт жасында Гомерді түпнұсқасы­нан оқып, алты жасында Аристотельдің ло­гикасын үйреніп, атеист болды. Төрт пен сегіз жас аралығында Уильям Джеймс Сидис төрт кітаптың авторы атанды. Ол жеті жасқа толғанда, Гарвард медицина мек­тебіне анатомиядан емтихан тапсыр­ды. Сегіз жасында ағылшын, грек, латын, ив­рит, орыс, француз, неміс тілін жетік біліп, өзі «Vendergood» тілін ойлап шы­ғарған. Білімпаздардың айтуынша, ол ере­сек шағында 40-қа жуық тілді меңгеріп, 200-ге тәмам тілді еркін аударатын болған. 11 жа­сында Уильям Сидис Гарвард уни­верситетіне оқуға түскен. Қазіргі күнге дейін оның АҚШ тарихы, психология және космологиясы жайында жұмыстары сақ­талған. Сидис көлік жүйесін зерттеп, те­міржол билеттерін жинаумен айналыс­-қан. Кейінірек ол Франк Фалупа деген ат­­пен теміржол билеттері туралы трак­таттар жазған көрінеді. 16 жасында Гарвард университетін үздік бітірген ол шынды­ғын­да оқшаулау өмір сүрген. Өзінің зия­лылығын дамыту үшін тіпті секстен де бас тартқан көрінеді. Алайда ең талантты, ақылды деп аталған Уильям Джеймс Си­дистің интеллек коэффициенті қанша бол­ған? Кейбір болжамдарға қарағанда, Уильям Джеймстің өре өлшемі 250-300 бірлікті көрсеткен деген болжам бар. Бір қызығы, орта жастан асқанда, ол қара­пайым ғұмыр кешкен көрінеді. Ол қай жұ­мысқа орналасса да, талантын көрсет­кен жағдайда, дереу басқа қызметке ауы­сып отырған. Сонымен қатар ол қанша да­нышпан болса да, журналистерден қаш­қалақтап, бұйығы өмір сүрген. Талантты азамат 1944 жылы Бостанда жүрек ауруы­нан қайтыс болды.

АҚШ-тың Миссури штатының тұрғы­ны жазушы, журналист, драматург Мэри­лин вос Савант та ғаламшардағы даныш­пан адам ретінде саналады. Оның өре өлшемі 228 бірлікті көрсеткен. Осы көр­сет­кіші арқылы ол Гиннестің әлемдік рекордына енген. Екі баласы бар, Jarvik Heart компаниясының қаржы директоры болып саналатын Мэрилин 1986 жылдан бері АҚШ-тың «Parade» атты атақты жур­налында «Мэриленнің сұраңыздар!» атты арнайы айдар жүргізіп, оқырмандардың әртүрлі сауалдарына жауап береді. Бір таңғаларлығы, Мэрилен Штерн ақылдылықты сараптау жөніндегі тестен 10 жасында өткен. Араға 20 жыл салып тағы да данышпандығын сынағанда, оның өре өлшемі тағы да 228 бірлікті көрсеткен. Міне, тұғырынан төмендемеген ақылды­лық көрсеткіші. Кәріс азаматы Ким Унг-Йонг те – әлемдегі ең ақылды адамдардың бірі. Оның өре өлшемінің деңгейі – 210 бірлікті көрсеткен. 1963 жылы туылған ол 4 жасы­нан бастап, күрделі математикалық тең­деулерді шешкен. 5 жасында неміс, кәріс, жапон және ағылшын тілдерін білген. 3 жа­сында Hanyang университетіне оқуға қабылданып, алты жасына дейін оқыған. 15 жасында Ким Унг-Йонг Colorado State University-де физика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін қорғаған. АҚШ-та бір жылдай істеп, Оңтүстік Ко­реяның бірқатар жоғары оқу орындарында сабақ берген. Әлемдегі ең ақылды, жас та­лантты ғалым ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. 90-нан астам жаңалығы мол ғылыми мақалалар жазған ол қазір де интеллектуалдық әлеуеті зор шағында.

Америкалық азамат Ким Пиктің де тағ­дыры қызғылықты. Ең бір таңғалар­лығы, ол оқыған кітаптарының 98 пайы­зын миында сақтайтын болған. Ол осы қасиетіне байланысты «Ким-пьютер» ла­қап атын алған. Ким Пиктің артықшы­лығы мынада: Ол қас-қағым сәтте кітап­тың айқарма бетін 8-10 секундта оқып бітіретін болған. Кітаптың беті қалай аударылып тұрса да, ол қас-қағым сәтте оқып бітіре беретін болған. Оның есте сақтау қабілетінің мықты болғаны сон­шалықты, өмірінің соңына дейін 12 мың кітапты жатқа білген. 1951 жылы Солт-Лейк-Ситиде туылған ол 2009 жылы қай­тыс болды. Ерекше дарынымен даралан­ған ол 1,5 жасынан оқи бастаған, 3 жасын­да газет-журнал қарап, 7 жасында Биб­лияны жатқа білген. Ол бір оқыған кі­табына қайта оралмаған. Бұлшық еттері әлсіз болғанына қарамастан, ол дарынды болған. Ең бір қызығы, Ким Пик тұрмыс­-та икемсіз өскен, ол тіпті өзінің көйлегі­-нің түймесін сала алмайтын көрінеді. Тағы бір данышпан нигериялық Фи­липп Емегвалидің интеллект коэффи­циенті 190 бірлікті білдіреді. Ол 65 000 параллель процессордардан тұратын су­перкомпью­тер ойлап тапқан. Электро­ника және электротехника институты тағайындаған Гордон Белл атындағы ар­найы сыйлықты жеңіп алған оның жетіс­тігі шындығында да бір төбе. Оның супер­ком­пьютері мұ­найлы далада жұмыс істеп тұр­ған құрал-жабдықтар тұрақты бақы­лауға алып тұ­рады. Бірақ данышпандардың тірлігінің бар­лығы тындырымды ма? Кейде олардың тірлігі де түсініксіз.. Бір қарасаң ақыл-есі дұрыс секілді. Ал кейде...Осыдан бірер жыл бұрын Санкт-Пе­тербургте тұратын Ресей ғалымы Григорий Перельман туралы бүкіл БАҚ тебірене жазды. Бір ғасырдан бері теңдеуі шешілмей келе жатқан есепті шешкен ғалымға Ма­тематика институты 1 миллион сыйақы берді. Бірақ Григорий Перельман одан бас тартты. Сондағы айтқаны...

– «Маған ешнәрсенің керегі жоқ. Бар­лығы жетеді. Матемаматиканың батыры емеспін. Мен хайуанаттар паркіндегі темір тордың ішінде отырған жануарлар секілді бүкіл әлемнің көз алдында болғым кел­мей­ді».

Журналистер бір миллион доллардан бас тартқан Перельманның үйіне кірген­-де математиктің тарақан жайлаған бөлмеде жұмыс істеп отырғанын көрген. Міне, да­нышпандарға терең ақыл мен сана берген­мен, олар екінші жағынан осылай қолайсыз тұрмыстық жағдайда өмір сүре береді. Өкі­нішті. Жалпы, Штерннің ақылдылық өлшемі қаншалықты ақиқатқа жақын? Бұл енді бөлек әңгіме. Десек те, ғалымдар еркек пен әйелдің өре өлшемі деңгейінде қа­шық­тық шамалы екендігін айтады. Олар­дың есеп­теуінше, айырмашылық 1,7 балл деңгейінде ғана.

...Ақылды болайық!


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!