«Байқоңырдан» ұшқан зымырандар ауа-райына әсер етпейді

Фотография - «Байқоңырдан» ұшқан зымырандар ауа-райына әсер етпейді

ҚР Ғарыш агенттігіне хат жазған Ғабиден есімді азамат оңтүстікқазақстандық шаруаларға ауа-райының осылайша күрт өзгеруі үлкен шығын алып келеді дегенді айтып отыр.

291 0

Жасыратыны жоқ, «Байқоңырдан» ғарышқа зымыран ұшса сол күннің ертесіне көрші жатқан облыстарда ауа-райы күрт өзгереді. Атап айтқанда, жел күшіне мініп, кей жерлерде жауын-шашынның нөсерлететіні бар. ҚР Ғарыш агенттігіне хат жазған Ғабиден есімді азамат оңтүстікқазақстандық шаруаларға ауа-райының осылайша күрт өзгеруі үлкен шығын алып келеді дегенді айтып отыр.

«Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында туыстарыма көктем айларында барсам үнемі сары уайымға салынып отырады, наурыз бен сәуірде зымыран ұшырылмаса екен деп. Өйткені, ғарышқа зымыран ұшқаннан кейін аймақта қатты жел тұрып, бұлттарды кошіріп әкетеді. Жауын-шашын болмағаннан кейін жерден қандай өнім алады?!» дейді шағымданушы.

Оның айтуынша, егіс бітік шықпағаннан кейін малдың жемі де үлкен проблема туғызатын көрінеді.

«Бәлкім зымырандарды көктемде ұшыру тиімді шығар. Алайда, шаруаларды да ойлағандарыңыз жөн. Көктемгі ұшыру шараларын жазға немесе күз айларына ауыстыру мәселелерін қарастырсаңыздар...» дейді Ғабиден.

Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев болса бұл пікірді жоққа шығарып отыр.

«Ғарыш айлағының климатқа зиянын анықтау мақсатында ресейлік мамандармен біріге отырып 5 жыл бойына 9 зерттеу жұмысы жүргізілді. Оған Қазгидромет пен Ресейдің Гидрометцентрі де қатысқан. Осынау жұмыстардың нәтижесінде анықталғандай, «Байқоңырдан» ұшырылған зымырандардың ауа-райының бұзылуына әсер етпейді» делінген төрағаның жауабында.


Тегтер:

космос

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!