Мамандар диетаның жаңа түрін ойлап тапты

Фотография - Мамандар диетаның жаңа түрін ойлап тапты

Ашқұрсақ жүрудің қажеті жоқ, тек ақ саңырауқұлақ жесеңіз болғаны

1183 0

Артық салмақтан арыла алмай жүргендер үшін жағымды жаңалық! Джонс Хопкинс университетінің мамандары диетаның жаңа түрін ойлап тапты. Ашқұрсақ жүрудің қажеті жоқ, тек ақ саңырауқұлақ жесеңіз болғаны

Мedportal.ru интернет порталының таратқан мәліметтеріне сүйенсек, ақ саңырауқұлақ семіздіктің салдарынан ауруға шалдыққан көптеген науқасқа ем болыпты. Өсімдіктің бұл түрі қызыл етті алмастыра тұра, арықтауға септігін тигізеді. Мамандардың айтуынша, зерттеуге қатысқан артық салмақты адам­дардың орташа жасы – 48, ал 88%-ы әйелдер болған екен. Ғалым­дар олардың 73%-ына – бір жыл бо­йы ақ саңырауқұлақ, ал қалғанда­рына қарапайым, әдетте пайдаланып жүр­ген диеталарын ұсыныпты. Нәтижесі саңырауқұлақ жегендердің өзгелерге қарағанда үш есе артық салмақ түсіргендігін көрсетті. Тіпті қан айналым жүйесінің жұмысы жақсарып, дене бітімі сымбатты бола түсетіндігі біліне бастаған. Сондықтан ет орнына анда-санда саңырауқұлақ жегеннің де пайдасы мол екенін естен шығармағаныңыз абзал.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!