Twitter қауіпсіздік шараларын күшейтті

Фотография - Twitter қауіпсіздік шараларын күшейтті

Ендігі ретте тіркелу үшін екі деңгейлі жүйеден өту керек.

137 0

Twitter-дегі Associated Press агенттігінің аккаунтіне шабуыл жасалған соң, компания басшылығы қауіпсіздік шараларын күшейтті. Ендігі ретте тіркелу үшін екі деңгейлі жүйеден өту керек. 

Осы жүйе арқылы әлеуметтік желідегі қолданушылардың парақшаларын шабуылдардан сақтауға болады деп отыр Twitter басшылығы.

Ендігі ретте, логин мен құпия сөзден бөлек, тіркелу үшін арнайы кодты енгізу керек. Аккаунтына кірер кезде осы кодты қоса теру қажет болады. Код қолданушы көрсеткен телефон нөміріне хабарлама немесе арнайы ұялы телефон қосымшасы арқылы жолданады.

Бұған дейін мәлім болғандай, сейсенбі күні белгісіз біреулер Associated Press ақпараттық агенттігінің твиттер-парақшасын бұзып, Ақ үйге қатысты жалған ақпаратты таратып жіберген болатын.


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!