«Прогресс» антеннаның сынуына қарамастан ХҒС-мен сәтті түйісті

Фотография - «Прогресс» антеннаның сынуына қарамастан ХҒС-мен сәтті түйісті

 Ғарышкерлер қазірдің өзінде люктерді ашып, Жерден орбитаға жеткізілген пайдалы жүктерді шығарды.

116 0

«Прогресс М-19М» ғарыш жүк көлігі Халықаралық ғарыш стансасымен сәтті түйісті. Ғарышкерлер қазірдің өзінде люктерді ашып, Жерден орбитаға жеткізілген пайдалы жүктерді шығарды.

«Ұшу кезінде сынған «Прогресс» навигация жүйесінің антеннасы жөнделген жоқ, және бұдан кейін де жөнделмейтін көрінеді, мамандардың сөзіне қарағанда, антеннаның енді керегі жоқ», - делінген хабарламада.

Ғарышкерлердің өміріне қауіп төнбеуі және жағдайды одан әрі ушықтырып жібермеу үшін антенна ашылмайды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС Роскосмос басшысы Владимир Поповкиннің сөзіне сілтеме жасап.

Оның сөзін «Энергия» ҒЗК басшысы Виталий Лопота растады. Ол «антенна енді қажет емес, ол тек жүк кемесін біржола жойып жіберу үшін керек болатын, сондықтан оған біз ешқандай операция жүргізбейміз» деп атап өтті.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

космос

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!