Шылым сүйекті шірітеді

Фотография - Шылым сүйекті шірітеді

Бір күнде бірнеше рет шылым шегу ревматоидты артрит дертіне шалдықтырады

278 0

Бір күнде бірнеше рет шылым шегу ревматоидты артрит дертіне шалдықтырады. Ревматоидты артрит – синовиалды қабықтың үдемелі қабынуынан шеміршектің бұзылуы және буын сүйектерінің мүжілуінен, буындардың зақымдануынан пайда болатын дәнекер тіннің сырқаты.

Arthritis Research & Therapy журналы таратқан мәліметтерге сүйенсек, бір күнде бірнеше дана темекі шегу тек ауру туды­рып қоймай, шылым шегуді қой­ғаннан кейінгі 15 жылда да ауру қоздырғыштары адам ағзасында сақтала береді. Каро­лин университетінің ғалымдары 54 пен 89 жас аралығындағы 34 мың әйелдің денсаулығын тексере келе осындай мәлім­демеге тоқталған. Себебі тексе­рістен өткен науқастардың ба­сым бөлігіне ревматоидты арт­рит диагнозы қойылған. Маман­дардың айтуынша, атал­ған ауру түрі адамды мүгедек етеді. Зерттеу қорытындылары бойынша, бір күнде 1-7 дана темекі шегу ревматоидты арт­рит­ке шалдығу қаупін екі есе­лей­ді. Ал мұндай жаман әдеттен неғұрлым ертерек құтылған азаматтардың қорқынышты дертке шалдығу қаупі сирей беретін көрінеді. Естеріңізде болсын, мұндай зерттеуді оқы­мыстылар ғылыми түрде дәлел­деп берді. 


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!