Балаларды тәрелкедегі тамақты тауысып жеуге күштемеу керек

Фотография - Балаларды тәрелкедегі тамақты тауысып жеуге күштемеу керек

Балаларға тамақты күштеп жегізу, олардың өскенде семіздікке ұшырауына әкеп соғады.

197 0

Американдық мамандар ата-аналардың кішкентай балаларын тәрелкедегі барлық тағамды тауысып жеуге күштемеуін ескертеді. Балаларға тамақты күштеп жегізу, олардың өскенде семіздікке ұшырауына әкеп соғады.

Миннесота университетінің мамандары 2 200 жасөспірімді және 3 500 ата-ананы бақылау негізінде осындай қорытындыға келді. Ғалымдар семіздікке ұшыраған балалардың ата-аналары оларды бала күнінде берген тамақтарды қалдырмай жеуге күштеп жегізуінен болғанын анықтады.

Баланың тамақты өзін күштеп жеуінен олардың тойғаны туралы дабыл қағатын организмдері қабылдамай қояды. Соның салдарынан балалар тамақты шамасынан артық жеп, семіздікке шалдығады, деп хабарлады Meddaily.

Зерттеу барысында тағы бірнеше қызықты фактілер анықталды. Мәселен, соңғы 10 жылда балаларға берілетін тамақ порциясының көлемі артқан, балаларды күштеп тамақтандыратындар көбінесе әкелері көрінеді.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!