29 сәуір – Оспан батыр Үрімжі түрмесінде атылған күн

Фотография - 29 сәуір – Оспан батыр Үрімжі түрмесінде атылған күн

Осыдан 62 жыл бұрын, 1951 жылғы сәуірдің 29-ында Шығыс Түркістандағы ұлт азаттық көтерілісінің бас қолбасшысы Оспан батыр Сіләмұлы Қытайдың Үрімжі қаласындағы түрмеде атылды.

335 0

 Осыдан 62 жыл бұрын, 1951 жылғы сәуірдің 29-ында Шығыс Түркістандағы ұлт азаттық көтерілісінің бас қолбасшысы Оспан батыр Сіләмұлы Қытайдың Үрімжі қаласындағы түрмеде атылды.

Оспан батыр Сіләмұлы 1899 жылы жазда ҚХР ШҰАР Алтай аймағы Көктоғай ауданы, Күрті ауылының Арал жайлауында дүниеге келген. Ол – ұлт азаттығы үшін басын бәйге тіккен әйгілі батыр. Батырдың еңбегі Шығыс Түркістан аталатын Алтай, Іле, Тарбағатайды қамтыған байтақ даланы жат табанынан қорғаумен ғана бейнеленіп қалмастан, бүгінгі Қытай аумағында қалған ежелгі түркі даласының ұлтанды бөлігі – Алтай өңірін кеңестік империяның итермелеуіндегі моңғолдық шапқын-шылардан қорғап қалғанымен де көрінеді.


Жаңа ғана батырдың рухына құран бағыштап шыққан Қазақстандағы немересі Өркенбек Нәбиұлына қоңырау шалдық. Оның айтуынша қазақтың соңғы батыры болған Оспан Сіләмұлының ерлігін және сол кездегі тарихи кезеңді зерттеу жұмыстары елімізде кең көлемді жүріліп келеді. «Менің әкем Нәби – Оспан батырдың үшінші ұлы. Оспан батырдың Қазақ еліндегі зерттелуі 2006-2007 жылдары басталды. 2006 жылы желтоқсан айында Оспан батыр атындағы халықаралық қайырымдылық қор құрдық. 2007 жылы батыр рухына арнап «Азаттық үшін жан пида» атты республикалық ақындар айтысын өткіздік. Ал, атам жайлы жекелеген адамдар жағынан Қазақстанда шығып жатқан еңбектерде есеп жоқ. Батыр жайлы көптеген ғылыми, тарихи кітаптар жарық көрді. Менің әкем Нәби де батырға ілесіп көптеген соғыстарға қатысқан. Сол кісінің естеліктері менің қолымда. Соларды реттеп, жақында бір кітап құрастыруды жоспарға алып отырмын. Дегенмен, батыр жайлы істеліп жатқан жұмыстар бір жүйеге түспей отыр. Барлығында жекелеген адамдардың белсенділігі арқасында орындалып жүр. Қазақтың соңғы батыры туралы зерттеу мемлекеттік зерттеу орталықтары тарапынан қолға алынып, Оспанның соғыс тактикасы, ерлігі және сол заманның тарихи көрінісі тарих оқулықтарына енсе нұр үстіне нұр болар еді»,-дейді батырдың немересі.

Бізде батырдың рухына рнап оқылған құран, бағышталған дұғалар қабыл болсын деген ниеттеміз!


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!