Саудиялық дәрігер жарақатты тез жазатын әдіс ойлап тапты

Фотография - Саудиялық дәрігер жарақатты тез жазатын әдіс ойлап тапты

Сауд Арабиясы королінің медициналық университетінде оқитын Сәмия әш-Шули лондондық Кингс колледжінде тәжірибе жинақтай жүріп, маңызды ғылыми жаңалық ашты.

191 0

Сауд Арабиясы королінің медициналық университетінде оқитын Сәмия әш-Шули лондондық Кингс колледжінде тәжірибе жинақтай жүріп, маңызды ғылыми жаңалық ашты. Иммунология және аллергиялық аурулар саласының соңына түскен ол созылмалы сырқаттан немесе обырдан пайда болатын жарақаттарды жазуда CD46 мембраналық ақуыздың белсенді рөлін жаңалық етіп ашты. Бұл жайында Maktoob хабар таратты.

Бұл жаңалықтың маңыздылығы сонда, иммунологтарға осы уақытқа белгісіз болып келген аталмыш ақуыздың белсенді рөлін анықтауда жатыр. Алдағы уақытта клиникалық деңгейдегі сынақтан өтсе, бұл жаңалықты дәрігерлер сырқаттарды емдеуде қолданады. Сәмия әш-Шулидің бұл жаңалығы британдық иммунологтар қауымдастығының (BSI) патентіне ие болды.

muslim.kz сайтының жазуынша, Ұлыбританиядағы Сауд Арабиясының елшісі Мұхаммед Науаф Сауд та аталмыш жаңалықтың маңыздылығын ескеріп, Сәмия әш-Шулиге құрмет көрсетті. Сәмия әш-Шули келешекте саудиялықтардың өз мүмкіндіктерін танытып, әлемдік ғылымға мол үлес қосатынына сенім білдірді. Бір айта кетерлігі, Сәмия әш-Шули тек медицинамен шұғылданып қана қоймай, сонымен қатар поэзия мен әдебиетке де әуестігі бар көрінеді. Ол осы уақытқа екі өлеңдер жинағын шығарып үлгерді. Қазір үшіншісін жазу үстінде.


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!