Гарвард ғалымдары шыбын көлеміндей, ұшатын роботты жасап шығарды

Фотография - Гарвард ғалымдары шыбын көлеміндей, ұшатын роботты жасап шығарды

«Робошыбын» әлемдегі ең кішкентай ұша алатын робот болып есептеледі

243 0

Гарвард ғалымдары шыбын көлеміндей, ұшатын роботты жасап шығарды. Бұл туралы BBC News мәлімдеп отыр. 

«Робошыбын» әлемдегі ең кішкентай ұша алатын робот болып есептеледі. Робот көміртек талшықтарынан жасалған. Салмағы 1 грамм, қанаттарын жылдам қимылдататын электрондық «бұлшық еттері» бар. Ол секундына 120 рет қанат қағып, cол арқылы ауада қалықтай алады.

Робот қимылының ширақтығы сондай, шыбын тәрізді ұшқанда артынан қуған адамды жеткізбейді.


Ғалымдардың пайымдауынша, көлемі кішкентай болған соң, шыбын-роботтарды іздеу операцияларына пайдаланған жөн. Сондай-ақ, олар роботтарды ауадағы қоспалардың деңгейін анықтау, гүлдердің тозаңдануын бақылау сияқты экологиялық тәжірибелерді жүрізуге пайдалануға болады деп отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!