Қытай ғалымдары адамзат үшін қауіпті вирус ойлап тапты

Фотография - Қытай ғалымдары адамзат үшін қауіпті вирус ойлап тапты

Қытай ғалымдары шошқа және құс тұмауларын шағылыстыру арқылы адам өміріне аса қауіпті жаңа вирус түрін шығарды

464 0

Қытай ғалымдары шошқа және құс тұмауларын шағылыстыру арқылы адам өміріне аса қауіпті жаңа вирус түрін шығарды. Бұл жөнінде The Independent хабарлайды.

Халықаралық қауымдастық Қытай ғалымдарының бұл зерттеулерін айыптап, егер жаңа вирус зертханадан шығып кетсе, ол миллиондаған адамдардың өміріне қауіп төндіреді деп дабыл қағады.

Оксфорд университетінің профессоры Лорд Мэй: «Олар мұны осы тектес вирустарға қарсы вакцина ойлап табу үшін жасағандарын айтады. Бірақ, шын мәнінде, оның астарында құр бос даңғойлықтан басқа пайдалы түк те жоқ»,– деп мәлім етті.

Даулы зерттеу Қытай ұлттық құс тұмауын зерттеу орталығының және Харбин қаласы Ветеринарлық зерттеу орталығының директоры, профессора Хуалан Ченнің жетекшілігімен жасалды. Зерттеушілер табиғатқа «еліктеп» тірі ағзада болатын құбылысты айнытпай қайталауға тырысқан. Мәселен, шошқаның бойына екі түрлі вирусы бар екі инфекция түскенде олар генетикалық ақпараттар алмасу арқылы өзара мутацияланады.

Париждегі Пастер институтының профессор-вирусологы Саймон Вайн-Хобсон кейбір вирус гибридтарының адамнан адамға таралу қаупі орасан екенін айтады: « Бұл вирусология тұрғысынан алғанда өте таңғажайып зерттеу, бірақ Қытай ғалымдары қандай «тажалды» ойлап тапқанын түсінбей отыр»,– деді. Ал вакцина ойлап табу мәселесіне келгенде ол, бұл үшін мұндай эксперимент жасаудың еш қажеттілігі жоқ еді деді.

Ғалымдардың көпшілігі ағылшын және француз сарапшыларының пікірлерін қуаттап отыр. Сондай-ақ, вирус сыртқа шығып кетсе, зор зобалаң әкеледі деп қауіптенеді. Оның үстіне бұл эксперимент Қытайда 26 адамды ажал құштырып, 127-сін кеселге ұшыратқан таяудағы құс тұмауы індетіне тұспа-тұс келді.

Естеріңізде болса, адамзат тарихында тұмау індетінен жұрттың жаппай қырылған кездері болған: 1918-1919 жылдары «испанка» пандемиясынан 20-40 миллион адам өлді. Ол Бірінші дүниежүзілік соғыстан қаза тапқандардың санынан көп. 2009 - 2010 жылдары H1N1 шошқа тұмауынан 284 500 адам қайтты. Түрлі дерек бойынша жыл сайын тұмауға миллиардқа тарта адам шалдығып, 500 мыңнан 3 миллионға дейін адам көз жұматын көрінеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!