Оңтүстік Кореяда бүгулі экранды теледидарлар сатылымға шығарылды

Фотография - Оңтүстік Кореяда бүгулі экранды теледидарлар сатылымға шығарылды

 Оңтүстік Кореяның LG Electronics компаниясы жаңа теледидар түрін сатылымға шығарғанын хабарлады. Теледидардың ерекшелігі-оның OLED дисплейінің түзу емес, бүгіліп тұруында

237 0

 Оңтүстік Кореяның LG Electronics компаниясы жаңа теледидар түрін сатылымға шығарғанын хабарлады. Теледидардың ерекшелігі-оның OLED дисплейінің түзу емес, бүгіліп тұруында

OLED (органикалық жарық диодтары) технологиясы аса жұқа әрі бүгілетін экрандарды шығаруға мүмкіндік береді. Әзірге әлемдегі ең бірінші бүгілген экранды теледидарлар тек Оңтүстік Кореяда ғана сатылымға шығарылды.

Диагональі 140 сантиметрлік бүгілген экранды OLED LG 55EA9800 теледидарының бағасы 13,5 мың доллар құрайды.Дисплей қалыңдығы 5 милиметрден аспайды, ал салмағы бар болғаны 17 кило. OLED LG жобасын іске асыру үшін бес жылдан аса уақыт ғылыми зерттеулер жүргізілді.

Үстіміздегі жылдың қаңтар айында бүгулі экранды теледидар үлгісін корейлік Samsung компаниясы да ұсынған болатын. Бәсеклестер жаңа үлгінің шығу мезгілін жариялауға асықпаған еді. Ақыры бірінші болып, теледидарды халықтың назарына LG Electronics компаниясы ұсынды.

OLED технологиясы органикалық жарықты оқшаулайтын диодтарды қолдану арқылы өте жұқа әрі бүгулі экрандарды құрастыруға мүмкіндік береді. Аталған технология жаңа әрі үнемді телеэкран жасап шығару саласының қарқынды дамуына үлес қоспақ. Оның оптикалық ерекшелігі, түстердің қанық әрі сапалы болуына мүмкіндік береді.

Көлемі кішірек OLED дисплейлері жаппай өндірілу үстінде. Samsung компаниясы оларды өз ұялы телефондарына қолданса, Sony компаниясы түрлі ойын құралдарына қолданып келеді.

«Жаңа теледидар халықтың сұранысын бірден арттыра қоюы екіталай. Дегенмен, бүгулі экрандар LG Electronics компаниясына OLED технологиясын бүкіл әлемге паш етуіне мүмкіндік береді», – IHS Screen Digest команиясының сарапшысы Эд Бордер.

LG Electronics компаниясы бірнеше ай көлемінде жаңа теледидар түрін өзге елдерде сатылымға шығаруды көздеуде.

Айдар Өрісбаев.


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!