Ғалымдар Атлант мұхитының түбінен жоғалған құрлықты тапты

Фотография - Ғалымдар Атлант мұхитының түбінен жоғалған құрлықты тапты

Жапония мен Бразилия ғалымдары «Синкай 6500» батискафының көмегімен Атлант мұхитының түбінен жоғалған құрлықты таптық деп сүйінші сұрап отыр. Бұл жайында кеше Жапонияның ғылым және технология агенттігінің өкілдері хабарлады.

339 0

 Жапония мен Бразилия ғалымдары «Синкай 6500» батискафының көмегімен Атлант мұхитының түбінен жоғалған құрлықты таптық деп сүйінші сұрап отыр. Бұл жайында кеше Жапонияның ғылым және технология агенттігінің өкілдері хабарлады.

Теңіз деңгейінен 900 метр тереңдікте «Синкай 6500» батискафы үлкен жарға тап болды. Ондағы топырақ құрамынан гранит пен кварц табылып, олардың материкте кездесетін минерал екендіктері анықталды. Ғалымдардың пікірінше, мұхит астындағы бұл жар бұрын құрлықтың бір бөлігі болған. Ұзындығы да мың шақырымды құрап отыр. Болжам бойынша осынау бөлік 100 миллион жыл бұрын Африка мен Оңтүстік Америка құрлықтарының бөлінуі кезінде су астына кеткен көрінеді.

Табылған «жәдігерді» толыққанды зерттеу болашақтың үлесінде. Дегенмен, қазіргі күннің өзінде басылымдар аңыздағы Атлантида аралының табылғандығын айтып, жар салып жүр. Бірақ, аталған құрлықтан әлі ешқандай көне тіршіліктің нышандары табылған жоқ.

«Атлантида мен табылған құрлықтың арасында уақыт жағынан айырмашылық бар. алайда, екеуінің бедерлері ұқсас. Енді біз оның нақты қай уақытта пайда болғандығын анықтайтын боламыз» деді «Майнитий» газетіне берген сұхбатында зерттеу тобының жетекшісі Хироси Китадзато.

«Синкай 6500» батискафының экспедициясы ағымдағы жылдың қаңтарында басталған болатын. Алғашында ғалымдар Үнді мұхитын зерттеуден бастаған. Кейін бразилиялық әріптестерімен бірге Рио-де-Жанейро қаласына жақын жердегі тереңдігі 1,5 мың шақырым болатын аймақты зерттеуге кірісті. Жоспар бойынша экспедиция жұмыстарын Кариб теңізінде жалғастырып, ары қарай Тынық мұхитына өтіп кетеді. 


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!