Археологтар ежелгі күміс монеталар мен алтыннан жасалған әшекей бұйымдар тапты - ОҚО

Фотография - Археологтар ежелгі күміс монеталар мен алтыннан жасалған әшекей бұйымдар тапты - ОҚО

Оңтүстік Қазақстан облысының археологтары XV-XVI ғасырларға жататын күміс монеталар мен XIII-XVI ғасырдың алтын бұйымдары салынған көмбе тауып алды.

1547 0

Оңтүстік Қазақстан облысының археологтары XV-XVI ғасырларға жататын күміс монеталар мен XIII-XVI ғасырдың алтын бұйымдары салынған көмбе тауып алды.

    Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры Бауыржан Байтанаевтың айтуынша, Сайрам ауылының орталығына сауда үйі салынуы тиіс болатын. Аталған институт заң негізінде сол жерде археологиялық жұмыстар жүргізді. Қазба жұмыстары барысында Х-ХІІ ғасырларда салынған моншаның бір бөлігі табылды. Бірегей көмбе моншаға жапсарлас салынған орта ғасырлық баспанадан табылды.

    «2600 дана күміс монета салынған құмыра ескі тандырдың түбіне көмілген екен. Монеталар шамамен XV-XVI ғасырларға тиесілі. Мұндай жәдігерлер тәуелсіз Қазақстан тарихында бұрын-соңды табылмаған және ол Қасымхан дәуірінде Қазақ хандығында жүргізілген ақша қатынастарының нышаны», - деді Б.Байтанаев.

Б.Байтанаевтың айтуынша, алтын бұйымдар салынған көмбе де сол маңнан табылған.


Тегтер:

өркениет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!