Неміс-фашистеріне тұтқынға түскен 624 жауынгердің есімдері анықталды - Атырау

Фотография - Неміс-фашистеріне тұтқынға түскен 624 жауынгердің есімдері анықталды - Атырау

Мұнай және газ институтында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне тағзым ету, олардың беймәлім есімдерін жаңғырту, жоғалғандарды іздеу мақсатында «Әскери даңқ» залы ашылды.

389 0

Мұнай және газ институтында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне тағзым ету, олардың беймәлім есімдерін жаңғырту, жоғалғандарды іздеу мақсатында «Әскери даңқ» залы ашылды.

Бір айта кетері, мұндағы бұйымдар мен заттар облыстық мұражайдағы жәдігерлерді қайталамайды.

Аталған оқу орнының прфессоры, өлкетанушы, студенттердің «Мирас» клубының жетекшісі Вячеслав Афанасьевтің басшылығымен ашылған залда 6500 майдангердің аты-жөні нақтыланып, қабырғаға жазылып қойылған. Олардың кейбірінің құжаттары да бар.

- Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерімізді тауып, олардың есімін жаңғыртатын уақыт келді. Қазір неміс-фашистеріне тұтқынға түскен 624 жауынгердің есімдерін анықтадық. Сондай-ақ, соғыс кезінде жойылып кеткен 20 дивизияның құрамында болған солдаттардың көпшілігінің аты-жөндерін білдік, - дейді  залдың жетекшісі Вячеслав Афанасьев.

Ол «Соғыс кезінде жауынгерлер жазған хат» атты кітапты жарыққа шығаруды жоспарлап отыр.

Залды Атырау мұнай және газ институтының ректоры, профессор Дүйсенбек Құлжанов ашып, ардагерлерді  Жеңіс күні мерекесімен құттықтады.

Сөз алған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекеш Әліпқали:«Біздің облыстан соғысқа біраз жауынгер аттанып, көпшілігі оралған жоқ. Белгісіздері қаншама. Біз де бұл игілікті іске атсалысамыз», - деді.

Ұлы Отан соғысы жылдары боздақтардың есімдерін, олар туралы мәліметті  интернет арқылы  «ОБД мемориал» немесе Х* символынан кейін орыс тілінде «памятник» деп жазып, сұрау салу арқылы білуге болады. Сондай-ақ,''Әскери даңқ'' залының жетекшісіне, қызметкерлеріне 99-60-28, 99-60-80 телефондары арқылы хабарласуға болады.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!