Жұдырықты түю мидың жұмысын жақсартады

Фотография - Жұдырықты түю мидың жұмысын жақсартады

"Осыған қарап біз, дененің мидың жұмысын қысқа уақытта өзгертетін кейбір қарапайым қозғалысы есте сақтау қызметін жақсартады", деген қорытындыға келіп отырмыз, деген Проппер.

159 0

Жұдырықты түю ашуланудың белгісі саналады. Алайда, АҚШ-тағы Монклер университетінің қызметкері Рут Проппер (Ruth Propper) мен оның әріптестері жұдырықты түю жадыңды жақсартудың бір тамаша тәсілі деген қорытынды жасап отыр.

Олар осыны дәлелдеу үшін тәжірибе жасап көрген.

Зерттеушілер еріктілерді бес топқа бөліп, олардан 72 сөзден тұратын тізімді жаттауды, сосын есте қалғанын айтып беруді өтінген.

Бірінші топқа сөздерді еске сақтауды бастамастан 90 секунд бұрын оң жұдырығын жұмуды, сосын сөзді жаттай бастағанда да сол әрекетін жалғастыруды тапсырған. Екінші топқа тура сондай тапсырма берген, тек сол жұдырығын түюді ескерткен.

Тағы екі топ сынақ басталмас бұрын бір қолының жұдырығын түйіп, сөзді жаттай бастағанда екінші жұдырығын түйген. Бесінші топ сөзді жұдырық түйместен жаттаған.

Нәтижесінде ең бірінші оң жұдырығын түйіп, сосын сөзді жаттай бастағанда сол жұдырығын түйген топ сөздерді басқалардан ең көп жаттап айтып берген екен.

"Осыған қарап біз, дененің мидың жұмысын қысқа уақытта өзгертетін кейбір қарапайым қозғалысы есте сақтау қызметін жақсартады", деген қорытындыға келіп отырмыз, деген Проппер.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!