Дағдарыс АҚТҚ індетін 200 пайызға өсірген

Фотография - Дағдарыс АҚТҚ індетін 200 пайызға өсірген

Қаржылық дағдарыс дүниежүзі бойынша сан мыңдаған адамның денсаулығына аса қомақты зиян келтірген.

236 0

Оксфорд университетінің оқымыстылары қанша жылдан бері зерттеу жүргізіп, таяуда бір байламға келді. Қаржылық дағдарыс дүниежүзі бойынша сан мыңдаған адамның денсаулығына аса қомақты зиян келтірген.

Қалай дейсіз ғой?


Мұның бірден-бір себебі – қаржы үнемдеу барысында қабылданған шешімдер. Яғни жұмыс орындарынан қысқартуға ұшыраған қызметкерлер өзіне лайық еш жерден жұмыс таба алмай, психологиялық күйзеліске ұшы­рап, тіпті өз-өзіне қол жұмсағандар да бар. Айталық, Еуропа мен АҚШ-та соңғы жылдары дәл осы себеппен суицидке бел буғандар саны 10 мыңнан асып жығылған. Мұның сыртында, қаржылай дағдарыстың салдарынан түр­лі аурулар­ға да бюджеттен ақша бөлін­бей қалғаны бар. Мәселен, Грекияда АҚТҚ (ВИЧ) індетіне ақша бөлуді қысқартқан, соның салда­рынан елдегі ондай дертке шалдығу­шылар саны 200 пайызға өсіп кеткен. Ол аз десеңіз, жастар арасында  нашақор­лыққа үйірсектік 50 пайыздан асып жы­ғылған. 


Ал 5 миллион америкалық азамат денсаулығын қарату мүмкіндігінен айы­рыл­са, Ұлыбританияда 10 мың отбасы үйсіз қалған.


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!