Chrysler ақауға байланысты 470 мың көлігін қайтарады

Фотография - Chrysler ақауға байланысты 470 мың көлігін қайтарады

Жөндеу жұмыстары автокөлік иелеріне ешқандай шығын әкелмейді.

216 0

Chrysler автокөлік құрастыру компаниясы 469 мың Jeep жол талғамайтын автокөлігін қайтарып алмақ. Оған беріліс қорабындағы ақау себеп болып отыр, осы ақаудың салдарынан 26 апат орын алып, 2 адам жарақаттанды.

«Ақау 2005-2010 жылдары шыққан Grand Cherokee мен 2006-2010 жылдары шыққан Commander-де анықталған. Қауіпсіздікке жауап беретін америкалық реттеуіштердің айтуынша, автокөлік трансмиссиясында жарықшақтар пайда болған. Олардың кесірінен беріліс қорабын бейтарап қалыпқа келтіретін жалған сигнал беріледі. Осы қателіктен автокөлік көлбеу жерде артқа қарай шегініп кетуі мүмкін», - делінген ақпаратта.

Жөндеу жұмыстары автокөлік иелеріне ешқандай шығын әкелмейді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

завод

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!