Қазғарыш «KazSat-2» жерсерігін басқарудың екінші резервтік кешенін іске қосуға ниетті

Фотография - Қазғарыш «KazSat-2» жерсерігін басқарудың екінші резервтік кешенін іске қосуға ниетті

Қазақстанда ағымдағы жылдың жазында «KazSat» жүйесінің жерсеріктерімен басқарудың резервтік жердегі кешенін пайдалануға беру жоспарланған, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев Рrimeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында

549 0

Қазақстанда ағымдағы жылдың жазында «KazSat» жүйесінің жерсеріктерімен басқарудың резервтік жердегі кешенін пайдалануға беру жоспарланған, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев Рrimeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында.

 

«Біз қазір Алматының жанында «KazSat» сериясының ғарыш аппараттарын басқарудың резервтік кешенін құрып жатырмыз, өйткені жерде бір кешен жетіспейді, және де әрқашан резерв болуы тиіс. Биыл шілдеде құрылысты аяқтаймыз деген үміттемін», - деді Т.Мұсабаев.

 

Аталған кешен Ақкөл қаласында орналасқан KazSat жүйесінің жерсеріктерін басқарудың жердегі кешенін резервте сақтайды.

 

Айта кету керек, жұмыс жасап тұрған «KazSat-2» жерсерігі бар және «KazSat-3» іске қосуды жоспарланған «KazSat» спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесі республикамыздың барлық аумағында байланыс және хабар тарату мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді және Интернет, 3G желілері, сандық телевизия, IP-телефония және т.б. сияқты байланыс, коммуникация және мультимедиялық салаларын дамытуға серпін береді.

 

Бүгінгі таңда штаттық режимде жұмыс жасайтын және Қазақстан, Орталық Азия елдерінде және Ресейдің орталық бөлігінде телевизиялық хабар таратуды және спутниктік байланыс жүйесінде мәліметтер беруді қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар спутниктік байланыстың қазақстандық операторларының сұранысын қанағаттандыру үшін «KazSat-2» жерсерігі 64%-ға жүктелген.

 

Оған қоса, спутниктік ресурсты жалдау бойынша қызметтер Қазақстанның 9 байланыс операторына ұсынылады.

 

Агенттік басшысы атап кеткендей, «KazSat» спутниктік байланыс жүйесін құрудың негізгі мақсаты өзара резервтермен және байланыс пен хабар таратудың ұлттық операторларының сұранысын қанағаттандыру үшін барлық спутниктік және теле-радио арқылы хабар тарату желілерін қолдау болып табылатынын атап өтті.

 


Тегтер:

космос

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!