Microsoft «Windows 8» жүйесінің құрдымға кеткендігін мойындады

Фотография - Microsoft «Windows 8» жүйесінің құрдымға кеткендігін мойындады

Microsoft «Windows 8» операциялық жүйесін қайта жасап жатыр.

151 0

Microsoft «Windows 8» операциялық жүйесін қайта жасап жатыр. Өйткені, аталған бағдарлама шыққаннан бері оның сатылымы көңіл көншітпеген көрінеді. Microsoft корпорациясындағылар «Windows 8» операциялық жүйесінің 100 миллиондай данасы ғана интернет тұтынушыларының қолына тиді дегенді айтып отыр.

Компания мамандары қазіргі таңда операциялық жүйені Blue үлгісімен қайта әзірлеу үстінде. Жоспарлар ойдағыдай жүзеге асып жатса интернет тұтынушылары оның сапасын биылғы жылақ тексеріп көрмек. Бұл жайында корпорацияның қаржы директоры Тэми Реллер мәлімдеді.

Оның айтуынша, тұтынушылардың жаңа жүйеге үйреніп кетуі біраз қиындықтар туғызған. Соның салдарынан «Windows 8» құрдымға кетті. Ал, жаңадан шығатын «Windows 8» Blue юзерлердің ыңғайына қарап жасалынған деді ол. Жаңа жүйені жасамастан бұрын сала мамандары интернет пайдаланушылардың пікірлерін назарға алған.


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!