"Союз ТМА-07М" Жезқазған маңына келіп қонды

Фотография - "Союз ТМА-07М" Жезқазған маңына келіп қонды

Жерге қону кезінде экипаж ешқандай жайсыздықты сезінбеді

200 0

Бортына Росғарыштың ғарышкері Роман Романенко, НАСА астронавты Томас Машберн және Канада ғарыш агенттігінің астронавты Крис Хадфилд мінген "Союз ТМА-07М" ғарыш кемесінің капсуласы Жезқазғаннан 146 шақырым жерге келіп қонақтады.

Жерге қону кезінде экипаж ешқандай жайсыздықты сезінбеді. "Союза" аппараттының жерге түсуін үш ұшақ, 12 Ми-8 тікұшағы және Росавиацияның алты іздестіру-эвакуациялау машиналары қамтамасыз етті.

МКС 29-тың жаңа экспедициясы осы мамыр айында "Союз ТМА-09М" ғарыш кемесімен Байқоңыр айлағынан ұшырылмақшы. Негізгі экипаждың құрамына Росғарыштың ғарышкері Федор Юрчихин, астронавт Карен Найберг және Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты (ЕКА) Лука Пармитано енді.


Тегтер:

космос

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!