Адам майынан жасалған сабын сатылымға шықты

Фотография - Адам майынан жасалған сабын сатылымға шықты

Естімеген елде көп! АҚШ-тың Майами қаласында тұратын суретші Ореста де ла Пас өз денесіндегі майынан сабын жасап шығарды. Ол осыдан бірнеше ай бұрын артық салмағынан айрылу үшін денесіндегі майларын сылып алғызған болатын.

256 0

Иә, артық майын ота арқылы алып тастау қазір жаңалық емес. Ал, одан қымбат дүние жасау кез-келгеннің ойына келе бермейтін дүние.

Суретшінің айтуынша, адам майынан жасалған сабынның ерекшелігі – онда адамның қаны мен маңдай тері бар көрінеді. Мұндай бір гигеналық сабынның бағасын Ореста де ла Пас мың доллардан кем сатпаймын деп отыр.

Ал, мамандар болса осынау керемет дүниенің құрамында 25 пайыз адамның майы бар екендігін растап отыр. Онымен қолын жуған адамның терісі бірнеше сағат бойына балғын әрі жұмсақ болып жүреді дейді денсаулық сақтау саласының өкілдері.

Тегтер:

АҚШ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!