Жапондықтар адамның ең бақытты жасын анықтады

Фотография - Жапондықтар адамның ең бақытты жасын анықтады

Жапониядағы Саки университетінің геронтолог ғалымдары әйелдердің ең бақытты шағы 90 жастан асқанда болады деп отыр.  

251 0

Жапониядағы Саки университетінің геронтолог ғалымдары әйелдердің ең бақытты шағы 90 жастан асқанда болады деп отыр.


70-тен асқан үш топ қатысқан зерттеу барысында ғалымдар адам үшін ең бақытты жас мөлшерін анықтауды мақсат тұтты. Сондай-ақ, зерттеушілер адам көтеріңкі көңіл күйде қанша уақыт болатынын, өзін бақытты санайтын, санамайтынын балдық жүйе бойынша бағалады.

Есеп нәтижесінде, 70 жастағылар 7,4 балл, 80 жастағылар 8,2 балл, 90 жастан жоғарылар -8,8 балл жинады.

Клиникалық танатология мен мінез-құлық саласының бас зерттеушісі Такэси Накагава ер адамдар әйелдерге қарағанда қоғамдық пікірге тәуелді болатынын алға тартты. Сондықтан қартайғанда әлеуметтік белсенділіктерінің төмендеуіне үйрену оларға ауырға соғады деп түсіндірді ғалым.

Сондай-ақ, өкіну мен налу қасиеттеріне жастардың бейім болатыны анықталды.

«Жасы үлкейген сайын адам қандай да бір қиын жағдайдың жағымды тұстарын көре біледі. Көңіл-күйін басқара алатын дәрежеде болады»,-деп қосты профессор.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!