Польшада қанында алкоголі бар сәби туылды

Фотография - Польшада қанында алкоголі бар сәби туылды

 Польшада қанының құрамында алкоголі бар сәби дүниеге келді. Бұл туралы "Биржевой лидер" басылымы мәлімдеп отыр.

198 0

 Польшада қанының құрамында алкоголі бар сәби дүниеге келді. Бұл туралы "Биржевой лидер" басылымы мәлімдеп отыр. 

Нәресте Томашов-Мазовецкий қаласында туылыпты. Сәбидің 24 жасар анасы дүкеннің ішінде есінен танып қалыпты. Араққа сылқия тойып алған әйел баласының денсаулығын ойламаса керек. Сөйтіп анасының бейғамдығынан сәби белгіленген мерзінен екі жеті бұрын дүние есігін ашыпты.

Ақ халаттылар нәрестенің қанында 4,5 промиль алкоголь деңгейін анықтапты. Бүгінде баланың жағдайы бір қалыпты. Алайда, дәрігерлер баланың жүйке жүйесі мен іш құрылысының зақымдану мүмкіндігін жоққа шығармай отыр.

Полиция қызметкерлері бұл істі өз бақылауына алды. Егер сот сарапшылары әйелді баласының өмірін қауіп-қатерге төндірді деп тапса, ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сарапшылар қан құрамында 4-5 промиль алкогольдың болуы, 0,7-1 литр арақ ішкенмен пара пар деп отыр. Мұндай мөлшер тіпті ересек адамның өмірін қатерге тігеді екен.

 


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!