Жер астынан ежелгі су көзі табылды

Фотография - Жер астынан ежелгі су көзі табылды

Жер астындағы су миллиард жылдай жатқан, оның қрамында өмірлік қажетті микроорганизмдер болған.

220 0

Канада мен Англияның ғалымдар тобы жер астынан ежелгі су көзін тапты. Жер астындағы су миллиард жылдай жатқан, оның қрамында өмірлік қажетті микроорганизмдер болған.

Зерттеушілердің хабарлауынша, табылған су ғаламшардағы ең ежелгі су көзі болып отыр. Оларда тірі организмдер де болуы мүмкін. Мұндай ашылым, Қызыл ғаламшардың терең түпкірінде де жерасты су қоймасы болуы мүмкін деген үміт ұялатады. 

Суды 2,4 шақырым тереңдікте Онтарио провинциясынан Манчестер, Ланкстер, Торонто және Макмастер университеттерінің зерттеушілері тапты.

Жер асты суының құрамында еріген газдар, сутегі, метан, инертті газдар: гелийдің, неонның, аргонның және ксенонның әртүрлі изотоптары болған. Манчестер университеті ғалымдарының айтуынша, судың өзіне 1,5 млрд. жыл, ал оны қоршаған жыныстарға кемінде 2,7 млрд. жыл болған. Жер астындағы әлемде күн көзінің жарығынсыз өмір бар ма, бұл жағы әзірге белгісіз. Зерттеушілер таяу арада осы мәселені зерттеуге кіріспек.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!