Қазақстанда ғарыш саласының ғылыми және кадрлық әлеуетін дамыту қажет

Фотография - Қазақстанда ғарыш саласының ғылыми және кадрлық әлеуетін дамыту қажет

Қазақстанда ғарыш саласының ғылыми және кадрлық әлеуетін дамыту қажет.

397 0

Қазақстанда ғарыш саласының ғылыми және кадрлық әлеуетін дамыту қажет.

Бұл туралы primeminister.kz сайтына берген сұхбатында Білім және ғылым министрлігінің Ғылымды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Ербол Сүлейменов айтты.

«Кейбір салалардағы кадр мәселесі өзекті болып тұр. Мысалға, ғарыш саласында бірнеше жыл болды мамандар даярланбайды, іс жүзінде ғылымның дамуы көрінбейді. Нақты айтсақ, космонавтика мамандығы бойынша соңғы 20 жылда бір де бір диссертация қорғалмаған», - деді Е.Сүлейменов.

Комитет басшысы орынбасарының айтуынша, осы мәселелерді шешу бойынша барлық іс-шаралар әзірленіп жатқан Ғылымды дамыту бағдарламасында көрсетілген.

Ол аталған мәселені жүйелі және кешенді түрде шешу қажет екенін басып айтты.

«Бұл мәселені шешу үшін тек қаржыландыру немесе мамандарды даярлауға ықылас білдіру жеткіліксіз, ол үшін бастапқы кезеңдерде шетелде мамандарды даярлап, немесе шетелдік сарапшыларды, оқытушыларды Қазақстанға шақыру керек», - деді білім ведомствосының өкілі.


Тегтер:

университет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!