Қазақстанда ғарыш зымырандарын ұшыру салдарынан улы ластануды анықтаудың бірегей әдістемесі патенттелген - Қазғарыш

Фотография - Қазақстанда ғарыш зымырандарын ұшыру салдарынан улы ластануды анықтаудың бірегей әдістемесі патенттелген - Қазғарыш

«Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығының ғалымдарымен Қазақстанда ғарыш зымырандарын ұшырғаннан кейін қоршаған орта нысандарында зымырандық отынның уландырғыш компоненттерін анықтаудың бірегей әдістемесі патенттелген.

163 0

«Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығының ғалымдарымен Қазақстанда ғарыш зымырандарын ұшырғаннан кейін қоршаған орта нысандарында зымырандық отынның уландырғыш компоненттерін анықтаудың бірегей әдістемесі патенттелген.

Бұл туралы ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті, деп хабарлады Рrimeminister.kz.                          

«Өкінішке қарай, жеке зымыран-тасымалдағыштардың зымырандық отыны зиянды улылығы жоғары компоненттерден тұратын гептил, амил және басқа да экологиялық жағдайға кері әсерін тигізетін заттардан құралған. Ал бүгін біз алғаш рет топырақтағы гептил мен амил мөлшерін анықтаудың әдістемесін жасадық», - деді Т.Мұсабаев.

«Қазақстанда «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы құрылған, ол «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды ұшырудың экологиялық сүйемелдеуімен айналысады. Мұны дайындауға мүмкіндік берген ғылыми-зерттеу базасы Байқоңырдағы және Жезқазғандағы зертханалардан тұрады, онда зымыран ұшыру мониторингісі жүргізіледі, сонымен қатар мобильді көшпелі зертханалар қамтылған», - деп түсіндірді Қазғарыш басшысы.

Айта кету керек, Қазақстанда экологиялық жағдайға кері әсер ететін улылығы жоғары отын түрлерімен зымыран ұшыруды қысқарту мәселесі бірнеше рет көтерілген. Келісімдерге сәйкес ресейлік тарап экологиялық жағдайға кері әсерін тигізетін «Протон»  зымыран-тасымалдағыштарын «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыруды кезең-кезеңмен қысқартуға мүмкіндік туғызуға міндеттелген болатын.

Осылайша, агенттік Үкіметке 2013 жылға Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарыштық ұшырулар бойынша қорытынды дайындады, онда олардың санын 17-ден 15-ке қысқарту ұсынылып отыр.


Тегтер:

космос

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!