Ресей роботтарға лаңкестерді өлтіруді үйретпек

Фотография - Ресей роботтарға лаңкестерді өлтіруді үйретпек

Ресейде лаңкестік жасалған жерде жараланған әскери қызметшілер мен азаматтарды көшірумен айналысатын, сондай-ақ лаңкестерді жоятын арнайы роботтар жасау жұмыстары жүргізілуде.

318 0

Ресейде лаңкестік жасалған жерде жараланған әскери қызметшілер мен азаматтарды көшірумен айналысатын, сондай-ақ лаңкестерді жоятын арнайы роботтар жасау жұмыстары жүргізілуде.

Бұл туралы ресейлік «Жаңалықтар» агенттігінің хабарлауынша, Ресей вице-премьері Дмитрий Рогозин ММУ-дің физика факультетінің студенттері алдында сөйлеген сөзінде айтқан. Жаңа техниканың техникалық жай-жапсары және оны Ресейлік күш-құрылымдарға жеткізуді бастау мерзімін Рогозин ашып айтқан жоқ. 

Рогозиннің айтуынша, жаңа роботтар лаңкестерді әртүрлі кедергілер арқылы «көре» алады және қашықтан жоя алады. Роботты жүйелер жоғары дәлдікпен жұмыс істейтін болады және кепілге алынғандарға зиян келтірмейді. Мұндай роботты жасау қашан аяқталатынын Рогозин нақтыламады.

2013 жылғы сәуірдің соңында Ресей қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша  жараланған әскери қызметшілерді іздеу мен көшіру үшін роботты модуль  жасау жұмысы басталғаны хабарланған болатын. Жаңа кешен ұрыс даласында жараланғандарды өзі танып шығаруы, робот кез келген жермен, бөлмелерде баспалдақтармен қозғала алатын болуы тиіс. Бұл тапсырысты Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің робот техникасы және техникалық кибернетика ғылыми-зерттеу институты орындауы мүмкін. 


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!