Арыстандардан адам өміріне қауіпті вирус табылды

Фотография - Арыстандардан адам өміріне қауіпті вирус табылды

Үндістанның Гуджарат штатындағы өлі арыстанның ағзасынан үй жануарлары арасында жиі кездесетін оба ауруының вирусы табылды

243 0

Үндістанның Гуджарат штатындағы өлі арыстанның ағзасынан үй жануарлары арасында жиі кездесетін оба ауруының вирусы табылды. Бұл жайында MEDdaily.ru хабарлайды.

Кезінде Африканың Серенгети бағында оба індетінен құрлықтағы арыстандардың үштен бірі қырылып қалған болатын. Ал, Үндістаннан табылған вирус одан да қауіпті болуы мүмкін деген болжам айтылуда. Денсаулық сақтау саласы мамандарының айтуынша, аталмыш ауру таяқшалары әрі қарай мутацияға ұшырайтын болса адам өмірі үшін де өте қауіпті індеттің пайда болуы ғажап емес.

Ең алғаш үй жануарларында кездесетін оба түрі арыстандардан 2006-2007 жылдары табылған болатын. Егер бұл ауру таяқшалары мутацияға ұшыраған болса сол уақыттан бері ғалымдар оның бір белгісін білуі керек еді деп жазады ресейлік басылым. Алайда, нақты бір тоқтамға келу әлі ертерек.

Айта кетейік, адам үшін ең қауіпті аурулардың көпшілігі жан-жануарлардан келген. Мәселен, кәдімгі өкпе қабынуына ұқсас «таяушығыстық вирусты» мамандар жарқанаттардан жұққан дегенді айтады. Сондай-ақ, ауру жұқтырғыш хайуанаттардың қатарында түйелер мен ешкілер де бар екен.


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!