Қолданыстағы нөміріңді сақтай отырып оператор ауыстыру Қазақстанда да қолға алынбақ

Фотография - Қолданыстағы нөміріңді сақтай отырып оператор ауыстыру Қазақстанда да қолға алынбақ

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісіне қатысқан Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықов осы жаңалықты алға тартты.

281 0

Қолданыстағы нөміріңді сақтай отырып оператор ауыстыру Қазақстанда да қолға алынбақ. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісіне қатысқан Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықов осы жаңалықты алға тартты.

«Айталық, кез келген адам қазір Қазақстанда көп қолданылатын «KCell» нөмірін ауыстырып, басқа оператордың нөмірін алуды көздеді делік. Бірақ, Сіз бұрынғы нөміріңізден айырылып қаламын деп қорқасыз.

Өйткені, басқа компанияға барғанда, олар міндетті түрде сол компанияның нөмірін алу керектігін айтады. Тарифтері өзіңізге әлдеқайда ыңғайлы сол операторды сатып алғанмен, жаңа нөмірді таныстарыңызға жеткізу, жақындарыңызға хабарлау қиын. Ал біздің мақсатымыз -  нөмірді өзгертпестен, екінші операторға қосылуды жүзеге асыру.

Қазір Қазақстандағы ірі операторлармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Келіссөздер аяқталғаннан соң бұл талапты енгізіп, жаңа шарттар жасаймыз. Мысалға, қазір индексі «701» санынан басталатын қоңырау келсе, оның актив нөмір екенін, «705» болса, билайн, «707» болса Теле-2 операторы қоңырау шалып тұрғанын білеміз. Алдағы уақытта, жоспарымыз орындалса, тұтынушының нөмірін өзгертпестен, басқа операторға көшуіне мүмкіндік береміз», - деді Агенттік төрағасы.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!