Ғалым Шыңғысханның қазаққа тиесілі екендігіне ғылыми дәлел келтірді

Фотография - Ғалым Шыңғысханның қазаққа тиесілі екендігіне ғылыми дәлел келтірді

Ұлы қолбасшы Шыңғыс ханның өзге ұлттардан қарағанда қазақтарға жақынырақ екендігін айғақтайтын ғылыми дәлелді отандық ғалымдардың бірі келтіріп отыр.

229 0

Ұлы қолбасшы Шыңғыс ханның өзге ұлттардан қарағанда қазақтарға жақынырақ екендігін айғақтайтын ғылыми дәлелді отандық ғалымдардың бірі келтіріп отыр.

Шыңғыс хан жайында жазылған бірнеше монографияның авторы, филология ғылымдарының докторы Нұрлан Мыңбаевтың айтуынша, ол көне жазбалардан қолбасшының түркілерден шыққандығын дәлелдейтін жолдарды кездестірген. Ең алғашқы дәлел тарихшы-ғалым, Шыңғыс ханның замандасы Рашид ад-Диннің естеліктерінен табылыпты. Ежелгі тарихшы қазақ руларынан шыққан хандарды тізбектей келе «олар атағына атақ қосу үшін өздерін моңғол деп атаған, ал негізінде олардың түбі түркі» деп жазған Рашид ад-Дин. Ал, қазақтарда «Мәңгі ел» деген тіркес бар, тарихшының меңзегені осы еді дейді Мыңбаев.

«Міне, Рашид ад-Дин нені айтқысы келді?! Түркілердің ғасырлық империясының, яғни мәңгі елінің қалыптасуын меңзеді ол. Шыңғыс ханның да шашырап кеткен көшпелі халықты бір ту астына біріктіргендегі мақсаты осы еді. Бір-бірімен соғысып жүрген қазақ руларының басын қосып, «Мәңгі ел» жасау – расында да тың идея. «Моңғол» деген ұғым осыдан шыққан» дейді Нұрлан Мыңбаев.

Ғалымның айтуынша, ономастикада тілдердің қай халыққа тиесілі екендігін анықтайтын өзіндік заңдары бар. Алайда, қазақтың руларын айтқан кезде бұл сөз тізімнен түсіп қалады. Мұның себебін ғалым Шыңғыс ханның сөзін мысалға келтіре отырып түсіндірді. «Әу баста мен жеңілген кезде мені тастап кетпей, жанымда болған және қазір менің қуанышыммен бөлісіп, таққа отырғаныма куә болған рулар мәңгі ел болады» дейді Ұлы қолбасшы.

«Ал, Ибн әл-Асир былай жазады: «Самарқан шебі қолбасшының қайырымдығы үшін берілді және былай деді: «Біз түркілер Шыңғыс ханның тұқымынанбыз. Ол бізге рақымшылық жасауы тиіс». Оның түркілерден шыққандығына бұдан өзге қандай дәлел керек?» деп атап өтті Мыңбаев.

«Біз Шыңғыс ханның ежелгі түркі тайпаларынан шыққандығы жөнінде аз дәлле келтіріп жүрген жоқпыз. Оның үстіне қазақтың хандар шежіресі Шыңғыс ханнан басталып, Кенесарымен аяқталған. Неліктен бұл айғақтардан бүгінгі күнге дейін назардан тыс қалып келеді?» дейді ғалым. Оның айтуынша, түркілер жайында шынайы ақпарат жазылған кезде бүгінгі адамдардың өткенге деген көзқарасы өзгермек.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!