Yahoo Tumblr-ді сатып алмақ

Фотография - Yahoo Tumblr-ді сатып алмақ

Yahoo басшылығына өткен жылы  Марис Майер келгеннен бері компания мұндай ірі сауданы бірінші рет жасағалы отыр.

195 0

Әлемдегі ең ірі интернет компаниялардың бірі - Yahoo компаниясы Tumblr танымал блог тұғырын 1,1 миллиард АҚШ долларына сатып алатыны туралы хабарлады. Yahoo басшылығына өткен жылы  Марис Майер келгеннен бері компания мұндай ірі сауданы бірінші рет жасағалы отыр.

Google компаниясынан ауысып келген Майер интернеттегі жас қолданушыларға көңіл бөліп, Yahoo-дың танымалдығын арттыруды көздейді.

Tumblr - қолданушыларға фотография, видео, аудио және басқа да мазмұндағы өнімдер салуға мүмкіндік беретін онлайн платформа. Нарыққа шыққанына алты жыл болған Tumblr жастар арасында танымал ресурстардың бірінен саналады.

Tumblr Yahoo-дан тәуелсіз болып қала бермек. Ал блог тұғырдың негізін салған Дэвид Карп бас директор қызметін атқара береді.


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!