БҒМ: 58 мың студент жатақханамен қамтылу қажет

Фотография - БҒМ: 58 мың студент жатақханамен қамтылу қажет

Бұл мәліметті бүгiн ҚР Парламент Мәжiлiсiнiң Әлеуметтiк-мәдени даму комитетiнiң кеңейтiлген отырысы барысында ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң жауапты хатшысы Әлия Ғалымова жария етті

149 0

Бұл мәліметті бүгiн ҚР Парламент Мәжiлiсiнiң Әлеуметтiк-мәдени даму комитетiнiң кеңейтiлген отырысы барысында ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң жауапты хатшысы Әлия Ғалымова жария етті.

«Еліміздегі 104 жоғарғы оқу орнындарының жатақханаларында 70 мыңнан астам студент тұрып жатыр. Алайда тағы да 58 мың студенттi жатақханамен қамтылу қажет», - дедi Ә.Ғалымова.

БҒМ жауапты хатшысының айтуынша, аталған көрсеткiштiң 80%-ы мемлекеттiк жоғарғы оқу орындарына тиесiлi.

«Өткен жылы Алматы және Астана қалаларында 2 студенттiк қалашықтың техникалық-экономикалық негiздемесiнiң жасалуына қаржы бөлiнген болатын. Сонымен қатар, 11 жатақхана құрылысы басталды. Басымдық мемлекеттiк ЖОО-на танытылып отыр, дегенмен бiз жеке ЖОО студеттерiнiң қажеттiлiктерiн де ескердiк. Жекеменшiк ЖОО жатақханалары бар және жаңадан да салынып жатыр, дегенмен бұл жұмыстың жүргiзiлу қарқынына көңiлiмiз толмайды» деп атап өтті жауапты хатшы.

« Мемлекеттiк жоғарғы оқу орындарына республикалық бюджеттен қолдау көрсетiп жатырмыз», - деп толықтыра кетті Ә.Ғалымова.

Оның айтуына қарағанда  айтуынша, Астана мен Алматы қалаларында салынатын студенттiк қалашықтарда әр түрлi ЖОО студенттерi тұратын болмақ.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

университет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!