Хакерлік шабуылдардың саны өршіп барады

Фотография - Хакерлік шабуылдардың саны өршіп барады

Хакерлік шабуылдардың саны жыл сайын өршіп барады

151 0

Хакерлік шабуылдардың саны жыл сайын өршіп барады. Бұл туралы Қазақстандағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері туралы І халықаралық конференция барысында McAfee-тің Еуропа, Африка, Азия мен Таяу Шығыстың дамушы елдері бойынша техникалық директоры Alex de Graaf мәлім етті.

«Біз ақпараттық қауіпсіздік туралы білеміз, естіп жатамыз. Егер өткен жылдың 4 тоқсаны бойынша мәліметтерге жүгінетін болсақ, үш негізгі үрдісті көруге болады, олар, біріншіден, мобильді қауіптердің өсуі. Мұндағы негізгі жайт – өз қызметтерін мобильдік құралдарға бағыттап отырған хакерлер. 30 жыл бұрын хакерлікпен айналысқанымда, оны мақтан тұтатынмын. Олар өз алдыларына әлемді құртамыз деген мақсат қоймайды, соған қарамастан өз күштерін белгілі бір салаға бұрады, айталық мұнайгаз саласына, сол арқылы елдегі нақты жүйелерге шабуыл жасайды, ол жүйелердің арасында мемлекеттік те болуы мүмкін. Сондай шабуылдардың өсіп бара жатқанын аңғарып отырмыз», - деді Алекс де Грааф (Alex de Graaf).

McAfee директорының айтуынша, былтыр осындай шабуылдарға тап болған ірі мұнайгаз компаниясы ұйымның ең ірі клиенттерінің біріне айналған.

«Бір ғана шабуылдың кесірінен ол компанияның 3 мың сервері бірдей істен шыққан. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл мобильді вирустардың саны 44 есеге өскен. Бұл тым көп», - деді ол.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!