Қазақстанда ғалымдарға 100 000 доллар көлемінде мемлекеттік сыйлық тағайындалады

Фотография - Қазақстанда ғалымдарға 100 000 доллар көлемінде мемлекеттік сыйлық тағайындалады

Бұл туралы бүгін ҚР Нұрсұлтан Назарбаев Шетел инвесторлары кеңесінің жалпы отырысында мәлімдеді.

151 0

Қазақстанда ғалымдарға арнап Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлық тағайындалады. Бұл туралы бүгін ҚР Нұрсұлтан Назарбаев Шетел инвесторлары кеңесінің жалпы отырысында мәлімдеді.

«Мен ғылыми зерттеу мен инновация енгізудегі жетістігі үшін ғалымдарға арнап Әл-Фараби атындағы сыйлықты тағайындауды тапсырамын. Ол жыл сайын жеті номинация бойынша беріледі. Бастапқыда оның көлемі 100 мың доллар болады, әрі қарай біз оны көбейтетін боламыз», - деді Мемлекет басшысы.

Ол мемлекеттің міндеті ғылым әлеуетін аса өзекті экономикалық міндеттерді жүзеге асыруға бағыттау екеніне тоқталды. «Жобалар тақырыптарын таңдауда негізгі критерий форсайт-зерттеулер, экономиканың нақты секторынан түскен тапсырыстар болуы қажет», - деді ол.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!