47 жыл көкте болған ғарышкерлер кімдер?

Фотография - 47 жыл көкте болған ғарышкерлер кімдер?

Сон­да  олар 47  жыл  бойы көкте  не  істеп  жүрген?

341 0

Кеңес  империясының қабырғасы қақырап, әне-міне  құлайды  деп  тұрған  1990 жылы   әлемді   дүр  сілкіндірген оқиға  болды. Үш ғарышкер   Жерге оралды. Мұның  несі  қызық  дерсің...  Бірақ ол  ғарышкерлер не  АҚШ,  не  Ресей,  не  болмаса  өзге мемлекеттердің   азаматтарына  ұқсамайды...

Баяғы  Үшінші  Рейхтың  яғни  фашистік свастикасы  бар скафан­дар  кигендер... Қызығы   осында болып тұр. Атлант мұхитына   қон­­ғандарды АҚШ  әскери  кеме­лері қарсы алды. Бұлар  кімдер? АҚШ болған  оқиғаны «өте  құ­пия»  деген атау  тағып,  жауып  тас­тады. Тек  кейбір сыртқа шы­ғып  кеткен  ақпарат  көздерінде  «1943  жылы  Үшінші  Рейхтың  ғарышқа ұшырған  ғарышкерлері екен...» деген  там-тұм  ғана  дерек  айтылды.  Сонымен  болды. Сон­да  олар 47  жыл  бойы көкте  не  істеп  жүрген?  Әлде өзге  ғаламшар  иелерімен  кездесіп,  сол жақта «қо­­нақта»  болды  ма  екен?   Де­ген­мен   фашистік  Германия  1943  жылы   ұшырған  ғарышкерлер  жө­нін­дегі    деректер  соңғы  кезде  ғана  аздап  құпиясын  аша  бас­та­ған  сияқты.  Оған сол  АҚШ  ба­сылымдарында   пайда  болған  деректер   куә.

...Әлем баспасөзінде  Адольф Гитлер  және  оның жақын  серік­терінің  астрология  ғылымына,  көріпкелдерге,  тылсым  күшке  ие жұмбақ  мекендерге  тым  құмар  болғаны,  соларды  іздеп, ғажайып  қару  жасауға  ұмтылғаны, уақыт кілтін  тауып, әлемді  билеуге  ты­рыс­қаны жөнінде  көп  жазылды. Әлі де   жазыла  берері  анық.  Өйт­­кені  Үшінші  Рейхтың адамзат  дамуына  қосқан  үлесі  орасан зор. Олардың  жеткен жетістігін бағалау да  қажет. Екінші  дүние­жү­зілік соғыстың  соңында  неміс жеріне  басып кірген  одақтастар (негізі, АҚШ  және ағылшындар) әскері   көптеген  жұмбақ  зауыт, фа­брикаларды, зертханаларды,  олар­да  жасалған құпия  қаруларды басып  қалды. Оның  бәрін өз  же­ріне құпия  түрде,  жедел  тасып әкет­кені  де  белгілі. Құпия  дүние­лердің  ішінде  не  жоқ  дейсіз. Бү­гінгі  ядролық  баллистикалық  зы­­мырандардың  атасы  Фау-1  қа­натты  зымыраны,  Фау-2 бал­лис­тикалық  зымыраны  да бар  еді. Фашистік  Германия   небір  ғаламат  қаруларды  жасауға  ты­рыс­­қаны  сол  кезде  белгілі  бол­ды. Тек  соғыстағы  сәтсіздіктер,  жеңілуі  бөгет  болып,  әлгі ғаламат  қаруларды  шығаруға   мүмкіндік  болмай  қалды.  Егер де   Гитлер басында  тұрған  Үшінші  Рейх   ол  қаруларды  жасап  үлгергенде,  бү­гін­гі  әлем  басқаша  болар  еді... Фашистердің  табанында  жатар  ма  еді, кім білсін? Бүгінгі  жұрт  се­нер,  сенбес, бірақ  Үшінші  Рейх қарапайым  атыс  құралынан  бастап, орасан  зор  қуатқа  ие  қаруларды,  ядролық  бомбыларды  жасауға  тырысты. Ол  тұста  жүз­деген,  мыңдаған  шақырымға ұша­­­тын зымырандарды   жасау,  қатарға  қою  мүмкін  емес-ті. Бі­рақ  фашистер  оған  қол жеткізе  алды. Оған  өздері емес, бөгде  ға­ламшар  иелері  көмектесті,  Үш­ін­ші  Рейх  олармен байланыста  болды дегенде сыбыс  бар.  Батыс  зерттеушілері солай  дейді.

Бәрі  мүмкін. Өйткені  соңғы үлгідегі   технологиялық   жетістік­ке жету һәм әлемді  алақанында  ұс­тау  үшін  немістер билікке  Гит­лер  келгенге  дейін де  ұмтылыстар жасаған.  Олар  тылсым мекен­дер­ге,  соның ішінде уақыт  кілті  бар  деген Тибеттегі  Шамбалаға құ­пия  экспедиция  жіберіп  отыр­ған.  Сондай  бір топ Тибетте  апат­­қа ұшыраған бөгде  ғалам­шардың  табақшаға  ұқсас, ғарыш  кемесін  тауып  алған. Олармен  байланысқа  түскен. Жұлдызара­лық ғарыш  кемесін жөндеуге  қа­жетті  құрал тауып  берген. «Сыйға –  сый,  сыраға – бал»  ретінде  жат­­­жұрт­тық  кеме иелері  неміс­терге жердегі жұрт   әлі  қол  жет­кізе  ал­ма­ған  білім  мен техноло­гия­ның жолын  көрсеткен. Арты  белгілі... Фашистердің  ғылымда  қол  жет­кізген  ғажап  жетістік­тері­нің  ар­тын­да бөгде  ғаламшар  иелері  тұр­ғандығы белгілі... Мә­се­лен,  өткен  ғасырдың  отызын­шы жылдарының  соңында   бар-жоғы  57  сүңгуір  қайығы  бар Гер­­мания  4  жылға  созылған  со­ғыс  кезінде  супер мүмкіндіктерге  ие, 1150  суасты  кемесін  жасап  шыққан. Олардың  бір  кереметтігі жанар-жағармайлары базадан  ондаған  мың  шақырым алыс  жер­­де  жү­ру­і­не    мүмкіндік  жаса­ған. Сон­дай-ақ  ешқандай  радар­ға  түс­пейтіндей,  шусыз  жүрген. Алып  жүретін қаруларының да    са­ны  мол  болған.  Бұған  ешқан­дай  ағыл­шын,  американ,  не  бол­­маса  кеңес  сүңгуір  қайықтары  тең  келе алмаған. Ғажаптығы  осын­­да.

Сонымен  қатар  американ,  ағылшын ұшқыштары  өз  күн­деліктерінде  неміс аспанында та­лай  мәрте   табақшаға  ұқсас  жұм­бақ   ұшақтарды  көргенін   жазып  қалдырған. Мәселен, 1943  жылы фашистер  құпия  зертханада  жа­сал­ған   табақша  тектес  ұшатын  аппаратты  сынақтан  өткізген.  Бұл  жөнінде   құпия  деректер  мұ­рағат­тарда  сақтаулы. Бірақ  ол  аппарат­тың  тағдыры   белгісіз.  Бәл­кім, ағылшын,  американ  ұш­қыштары  осы аппаратты  көрген болар... Оны  кеңестік  ұшқыштар да  кө­руі  мүмкін. Бірақ ондай сыбыс  та­ратуға кеңес  империясы қатаң  қараған.  Бас  кететін бола­ған.  Сондықтан  айтылмады  деу­ге  не­гіз  бар. 

Енді  басында  айтып кеткен  фашистік  ғарышкерлерге  ке­лей­ік. 1943  жылы  кеңес  елімен  со­ғыс­тың  өзгеше бағыт алып, не­містер жеңіліске  ұшырай бастаған  соң, Үшінші  Рейх өзге  ғаламшар  иелерімен  кездесіп, көмек  сұрап,  не  болмаса кек  қайтаратын   ға­ламат  қарудың  жобасын   алып  ке­луге   ғарышкерлер  ұшырған.   Ара­ға  47  жыл  салып,  солар Жер­ге  қайта  оралып  отыр... Ғарыш­кер­лерді  Гитлердің  өзі   таңдауға  ара­ласқан. Жерге  оралғандарда «Сәттілік  тілеген»  Гитлердің  қо­лы  қойылған марапат  қағаздары  да  болыпты. НАСА  сарапшы­ла­рының  зерттеуіне қарағанда,  не­міс­тер ғарышқа  көтерілу  үшін  үш  сатылы зымыранды  пайдалан­ған. Ол  1943  жылы Пенемюнде  полигонынан  ұшырылған. Бір   таң­ғаларлық  жайт,   құпия зерт­ханада  жасалған    ұшатын табақ­ша   секілді  аппаратты  сынаған  жыл,  күн  мен ай    дәл ғарышқа ұшырылған  ғарышкерлердің уа­қы­тымен  дөп  келіп  тұр.

Араға  шамамен  жарты  ғасыр­дай  уақыт  салып  жерге  оралған  ғарышкерлер  дым  өзгермеген... Сол жас  қалыптарында.. Бәлкім,  олар  «қонақта»  болған ғаламшар­да  уақыт  жылдамдығы  өзгеше ме екен?  Кім білсін? Әрине,  бір  қа­рағанда  айтылып  отырған оқиға  қиял-ғажайыпқа  көбірек  келген­мен,  ақиқат  еді. Ғарышкерлер  тағ­­дыры да,  олардың көктен алып келген құпия  деректері  де  «аса  құпия» деген айдар тағылып,  НАСА-ға  тапсырылды. Сол өт­кен  ғасырдың 90-жылдары  осы  мәселеге  байланысты  хабар тара­туға  тырысып,  НАСА-дан ақ­па­рат беруді  өтінген  әлемнің  көп­теген  журналистері  жары­тымды  ештеңе  ала  алмады. НАСА болған  оқиғаны  не  өтірік,  не  шын  деп айтпады. Ешнәрсе  болмағандай, үнсіз қалды. Шын­дығында,  фа­шис­тік  ғарышкерлер көктен ке­ре­мет ақпарат  алып  келгені  анық. Оны  игілігіне  жа­рату  үшін, НАСА  құпия  сақтауда. Тіпті  АҚШ-тың  соңғы  кезде  ғылым  һәм  әскери  қару  жасауда адам  таңғаларлық жетістікке же­те бастауы  сол  ға­рыш­керлер алып  келген құ­жат­тарға  байла­нысты  дегенде  алып­қашпа  әң­гі­ме бар. Бәлкім,  бұл  сы­быстың  өзе­гінде   шындық  жа­туы да  дау­сыз. Ең  бастысы, ғарышкерлерді ұшырған  соң Гитлер «көп  ұзамай  қолымызға «ғажап  қару»  пайда  болады. Біз онымен  әлемді  ба­ғын­дырамыз»  деп мәлімдеме жа­сауы  тегін  емес. Ол  атом  қаруы  ма,  әлде  жатжұрттықтар  әскери  көмек  береді  деп  үміттенді  ме?  Ол  жағы  бізге  белгісіз. Десек  те,  қазіргі  күні  әлі  көптеген  зерттеу­шілер  «фашистер бөгде  ғаламшар иелерімен байланыста  болған  ба?»  деген сауалды  алға  қойып, тыңғылықты  зерттеу  жүргізуде. Оның  қорытындысы  бүгін  бол­маса  да,  болашақта   белгілі  бо­лары  анық. Сонымен  қатар 1943 жылы  Гит­лердің  тікелей араласуымен көкке көтеріліп, араға  47 жыл салып  кері  оралған   фашистік  ға­­рышкерлердің  тағдыры  да анық­талып  қалар...

Сейсен Әмірбек


Тегтер:

космос

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!