Ресей ғалымдары Арктикадан көшіріле бастады

Фотография - Ресей ғалымдары Арктикадан көшіріле бастады

Арктикада Ресейдің қалқымалы ғылыми зерттеу станциясы орналасқан мұздақтың ери бастауынан ғылыми қызметкерлер басқа жаққа көшіріле бастады.

246 0

Арктикада Ресейдің қалқымалы ғылыми зерттеу станциясы орналасқан мұздақтың ери бастауынан ғылыми қызметкерлер басқа жаққа көшіріле бастады.

Ресей табиғи ресурстар және экология министрлігі бейсенбіде 16 ғылыми қызметкер жұмыс істеп жатқан "Солтүстік полюс-40" станциясын эвакуациялау жоспарын жасауға үш күн уақыт бергенін мәлімдеді. Станция Арктиканың ресейлік бөлігіндегі Большевик аралына орналастырылмақ.

Министрлік жасаған мәлімдемеде мұздықтардың еруі адамдардың өмірі мен станция жұмысына қауіп төндіретіні айтылған. Министрлік станция Канаданың экономикалық аймағына қарай жылжып бара жатқанын айтады.

БҰҰ метеоагенттігінің деректері бойынша, өткен жылы Солтүстік Мұзды мұхиттағы мұздықтардың еру жылдамдығы рекордтық көрсеткішке жеткен.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!