Appple-дің 1976 жылы жасалған компьютері аукционда сатылды

Фотография - Appple-дің 1976 жылы жасалған компьютері аукционда сатылды

Америкалық Apple компаниясы шығарған алғашқы компьютерлердің бірі Германияда аукционда 666 мың АҚШ долларына сатылды

392 0

Америкалық Apple компаниясы шығарған алғашқы компьютерлердің бірі Германияда аукционда 666 мың АҚШ долларына сатылды. Германияның "Брекер" аукцион өтетін үйі Apple 1компьютерін Азиядан шыққан адам сатып алғанын хабарлады. Сатып алған адамның аты-жөні құпия ұсталып отыр.

Алғашқы Apple-1 компьютерін компанияның негізін қалаған Стив Джобс пен Стив Возняк 1976 жылы өз үйлерінің шеберханасында құрастырған еді. Аукционға түскен компьютер - қазір әлемде әлі жұмыс істеп тұрған алты Apple 1-дің бірі .

Apple 1 компьютерінде монитор мен пернетақта болмаған, ол тек бағдарлама орналасқан қорапшадан тұрады.

Apple 1 компьютерінің 1976 жылы жасалған алғашқы түрлерінің бірі өткен жылы 374 мың 500 АҚШ долларына сатылған еді.


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!