Өкше – адамның ең лас мүшесі

Фотография - Өкше – адамның ең лас мүшесі

Американың Адам гено­мын зерттеу ұлттық институ­тының дәрігерлері дені сау адамның бойында қандай микробтар болатынын анық­­тады

1763 0

Американың Адам гено­мын зерттеу ұлттық институ­тының дәрігерлері дені сау адамның бойында қандай микробтар болатынын анық­­тады. Патогенді микроа­ғ­­за­лар, негізінен, адамның аяқ бөліктерінде көп болады екен.

Meddaily.ru ғалымдардың ешқан­дай аурумен ауырмайтын 10 адамға қатысты зерттеу жүргізгенін хабарлай­ды. Еріктілер денесінің 14 тұсынан (құ­лақ қуысынан, қабақтарынан, жел­кесінен, өкшелерінен, тырнақтарынан, башайларынан т.б.) сынама алынып, ондағы микроағзалар ДНК-сы талдан­ды. Зерттеудің нәтижесінде адамның өкшесінде қышыма қотырға себеп болатын микроағзалардың 80 типі, башайлар арасында микробтардың 40 типі, тырнақ астында «саңырау­құлақтардың» 60 типі болатыны анық­талды. Алақан, қар мен шынтақ тұс­тар­­да патогенді эукариоттардың 18-ден 32-ге дейінгі түрі өмір сүретіні бел­гілі болды. Ал адамның кеуде тұсы мен бас бөлігінде микробтардың 2-ден 10-ға дейінгі түрі болуы мүмкін екен.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!