Алаш жасағы алғаш рет Сығанақта құрылды

Фотография - Алаш жасағы алғаш рет Сығанақта құрылды

Соңғы жылдары Ақ орда тарихын зерттеуде моңғол және қытай деректері айналымға енді

205 0

Тарихшылар Муин ад-Дин Натанзи, Б. Греков, А. Якубовский, А. Семенов, Ш. Уәлиханов, Н. Мингулов, К. Пищулина, С. Жолодасбаев, т.б Сығанақтың тарихын әрдайым Ақ ордамен байланыстырып зерттеп келді. Соңғы жылдары Ақ орда тарихын зерттеуде моңғол және қытай деректері айналымға енді.

Чин империясы кезінің тарихшысы Ломаның 1735 жылы жазған «Моңғолдың Боржығын тайпасының тарихы» атты еңбегінде «Баты хан 1235 жылы Батыс жорығына аттанды. 1240 жылы әкесінің иелігіне тиген ел, жердің негізінде Еділдің құйғанында Сарай қаласын тұрғызып астана етті. Тарихта оны Қыпшақ хандығы деп атайды. Арал теңізінің шығыс солтүстігін ағасы Ордаға беріп «Ақ орда хандығы» деп атады. Аралдың солтүстігін Сыбанға (Шибан) беріп, ол «Көк орда» атанды деп жазды. Ежелгі және кәзіргі замандағы моңғол авторларының еңбектерінде «Хасгийн цагаан ордны улс» (Қазақтың Ақ орда мемлекеті) деген аталым қолданылады. Ш.Уәлиханов Мухамед Қайдар Дулаттың «Тарих-и Рашиди» еңбегіне жасаған талдау белгілеуінде Ақ орданы Моңғол ұлыстарының басқадай ордаларынан айырып жеке атап көрсетеді. Бұл пікірді Л. Гумилев жалғастырды. Ол былай дейді: «Ныне казахи занимают огромную площадь с монотонным степным ландшафтом. В XIII в.степь обезлюдела после жестокой Монголо-половецской войны и была поделена между тремя ордами: Золотой или Большой – на Волге, Синей между Аральским морем и Тюменью, и Белой (т.е Старшей) – в Тарбагатае и на верхнем Иртыше, на Волге из конглемерата народов сложилась Татары. Синяя орда оказалась нежизнеспособной и в ХІV в слилась с Волжской, зато Белая орда, опиравшаяся на окрайны Сибирской тайги до Оби, склоны и предгорья Алтая и степи Сырдарьи, в то время перемежавшиеся борами, развивалась в самостоятельный этнос, позднее экстроординарные степи Приаралья, Мангышлак и Рынпески».

Сығанақты астана еткен Ак Орда мемлекеті қазақтың алғашқы мемлекеті ғана емес, қазақ халқы оның ұлттық ой санасы қалыптасуының ұйытқысы (концентрат) болып табылады. Олай болуының себебі мынада:

1. Ақ Орда Жошы Қыпшақ ұлысының әскери сол қанаты ретінде қазақ даласының төрінде, бұрынғы Қыпшақ хандығының негізінде құрылды. Билікке Шыңғыс хан әулеті өкілдері келгенімен қазақ қоғамының дәстүрлік сыр-сипаты орасан өзгерістерге ұшыраған жоқ.

2. Ақ Орданың аумағы (Ертістен Сырда рияның құйғаны, Саураннан-Арал, Қараталдан Төменге (Тюмень) дейінгі) қазіргі Қазақстан аумағының көлемді бөлігін (шамамен 60-65%) қамтиды.

3. Ақ Орда халқының негізгі бөлігін қазіргі қазақ халқын құрап отырған байырғы тайпалар (Үйсін, Қаңлы, Дулат,Арғын, Қыпшақ, Найман, Жалайыр, т.б) құрады.

4. Ақ Орданың шаңырағын алғаш көтеріскен Жошы хан ұлы Орда Еженнің жетінші ұрпағы Орыс хан Ақ Орданың алғашқы дербес билеушісі, Қазақ хандарының атасы (Қазақ мемлекетінің алғашқы ханы) деп танылады.

5. Қазақ мемлекетінің алғашқы ресми қарулы қолы «Алаш мыңдығы» Орыс ханның тұсында, Сығанақта жасақталды. Мыңдықтар ақ қара ту ұстап «Алаш» деп ұрандап жауға шапты, ел, жерінің тұтастығын жанкештілікпен қорғады.

6. Ақ Орда дәуірінде Шыңғыс хан әулетінен тараған қазақ хандары династиясы (Орыс ханнан - Кенесарыға дейін) қалыптасты.

7. Ақ Орда дәуірінде Алаш ұраны - ел ұранына айналып, қазақтың бірлігін дәріптейтін мемлекеттік идеология деңгейіне көтерілді.

8. Алтын Орда, Ақ Орда дәуірінде қыпшақ-қазақ тілі мемлекеттік жазба тіліне айналды.

19. Ақ Орда кейін «Қазақ хандығы» атымен Қазақ мемлекеті қайта құрылуының алғы шарты болды.

XV ғ. өмір сүрген әйгілі ақын Шахрух:

Әйгілі қала Сығанақ,

Дешті Қыпшаққа өтер жолы, қақпасы.

Дештігі келер қонақтар

Саған келіп тірер еді ат басын.

Түркістанның орталығы, шебі едің.

Барша жанды тыныштыққа кенедің,

Ежелден-ақ ғалымдардың мекені,

Белгілі еді тыныш қала екені.

Сенде туды Нихаяның ілімі,

Тарады сенен «Хидаяттың» білімі.

О, Сығанақ, қақпаларыңның шаңын сүйіп жылар ем,

Қайта тусам Сығанақта туар ем,– деп жырлаған.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!