Алматыда "XII-XIX ғасырлардағы Ор­та­лық Азиядағы қолжазба кі­таптар" атты көрме өтті

Фотография - Алматыда "XII-XIX ғасырлардағы Ор­та­лық Азиядағы қолжазба кі­таптар" атты көрме өтті

Бұл шара Ас­тананың 15 жыл­ды­ғына орай ұйымдастырылып отыр

323 0

Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханада осындағы қордан және коллекционер Азат Әкім­бектің жеке коллекциясынан алынған жәдігерлерден тұратын «XII-XIX ғасырлардағы Ор­та­лық Азиядағы қолжазба кі­таптар» атты көрме өтті. 

Бұл шара Ас­тананың 15 жыл­ды­ғына орай ұйымдастырылып отыр. Көр­менің негізгі мақсаты – кол­лек­ционер Азат Әкім­бек­тің жеке коллек­циясы үлгісінде мем­лекеттік кітапханалар­дың қорларында, сонымен бірге жеке коллек­цияларда сақтал­ған шығыс қол­жазбаларының асыл қа­зынасын жұртшылыққа ке­ңінен таныту.

Көрмеде XII-XVIII ғғ. көне қолжазба таңбалы Құрандар, Йассауидің «Хикметтері» (XIX ғ.), «Рисаласы» (XVIII ғ.), оның ата-тегі туралы «Насабнама» (XVII ғ.) қолжазбалары, Сү­леймен Бақырғанидің «Хик­меттері» (XVI ғ.), шығыс ақын­дары Низами, Науаи, Сағди, Хафиз, Жәми, Физули және т.б. ислам діні бойынша және поэтикалық жанрдағы шаға­тай, араб және парсы тіл­де­ріндегі қолжазбалар жұрт­шылыққа таныстырылды. Сонымен бірге көрнекті қазақ ағартушылары, ұлы ақы­нымыз Абай Құнанбаевтың, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Ал­тынсарин және т.б. ел үшін еңбек еткен тұлғалардың ең­бектері ұсынылды.

Азат ӘКІМБЕК:

– Көрмеге қойылған жәді­гер­лердің жалпы саны 300-дей, оның 200-ге жуығы қол­жаз­ба. Осы көрмеге қосқаным XVIII-XIX ғ. Орталық Азия ха­лықтарының көне әшекей бұ­йымдары, ортағасырлық ке­ра­ми­ка, көркемдеп өрнектелген те­мір, ағашқа ойылған оюлар. Сон­дай-ақ көрменің сәнін ашу үшін, қазіргі заманғы екі су­ретші – Әлижан Амантаевтың «Алтын Адамның тууы» және «Сақтар. Томирисі» және Диас Өстеміровтің «Аңы­рақай шай­қасы» туын­дылары қо­йылды.

Ерекшелігін байқаса­ңыз­дар, көп Құрандарда таң­балар бар. Мұндай кітаптарды кара­пайым адам ұстамаған. Олар өте құнды және қымбат болған. Көбіне бай-бақуатты адамдар бір-біріне сыйға тартқан. Кол­лекциямда ұлы Пай­ғам­бары­мыздың өмірбаяны, ха­дистері толығымен зерттеліп жазылған дүниелер бар, – дейді. Ұлттық кітапхананың бас директоры Гулиса Балабекова­ға Азат Әкімбек қазақтың қа­сиетті 7 санын ырымдап кітап­хана қорына өзінің коллек­ция­сынан 7 кітапты сыйға тартты.

Мадина Тұрарова,

Дінасыл Сағынбек,

Сүлеймен Демирел атындағы университеттің

студенттері


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!