Экологиялық таза технологияның болашағы кемел

Фотография - Экологиялық таза технологияның болашағы кемел

Бүгін Елордадағы «Адам денсаулығы институты» үкіметтік емес ұйымы бірқатар тиісті саладағы жауапты мамандар мен БАҚ өкілдерінің басын қосып, «Экотранспорт, архитектура» тақырыбында семинар кеңес өткізді

179 0

Бүгін Елордадағы «Адам денсаулығы институты» үкіметтік емес ұйымы бірқатар тиісті саладағы жауапты мамандар мен БАҚ өкілдерінің басын қосып, «Экотранспорт, архитектура» тақырыбында семинар кеңес өткізді. 

Жиын барысында ел ішінде жүргізіліп жатқан энерготиімділік пен энергоүнем жұмыстарына қатысты базбір мәселелер қаралды. Сондай-ақ, Қазақстанның келешектегі экологиялық құрылымын дамыта отырып, экологиялық таза көлік жүйесіне көшуі туралы жан-жақты талқылаулар жүріп, қызу пікірсайыс ұйымдастырылды.

«Энерготиімділік, энергоүнемділік және экологиялық таза технология» тақырыбы аясында өткен шараға Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Көлік және коммуникация министрлігі, Білім және ғылым министрлігі мен бірқатар мемлекеттің әлеуметтік тапсырысын орындайтын бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

- Елбасымыздың өзі көптен бері айтып келе жатқан осы аталған салаларда атқарылған шаруалар мен жүзеге асуы тиіс көптеген жоспарларды нақтылауда мұндай басқосулардың маңызы жоғары, - деп атап өтті жиын барысында сөз алған «Адам денсаулығы институты» үкіметтік емес ұйымының директоры Дмитрий Терешкеевич.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!