Маусым айында «Байқоңыр» ғарыш айлағынан екі ұшырылым жасалады

Фотография - Маусым айында «Байқоңыр» ғарыш айлағынан екі ұшырылым жасалады

Ресей федералдық ғарыш агенттігінің ғарыш аппараттарын (ҒА) ұшырудың 2013 жылға арналған жоспарына сәйкес, маусым айында «Байқоңыр» ғарыш айлағынан екі ұшырылымды жасау көзделеді. Бұл туралы Роскосмостың баспасөз қызметінен хабарлады.  

236 0

Ресей федералдық ғарыш агенттігінің ғарыш аппараттарын (ҒА) ұшырудың 2013 жылға арналған жоспарына сәйкес, маусым айында «Байқоңыр» ғарыш айлағынан екі ұшырылымды жасау көзделеді.

Бұл туралы Роскосмостың баспасөз қызметінен хабарлады.

«Бриз-М» үдеткіш блогы бар «Протон-М» ғарыштық мақсаттағы алғашқы зымыранның ұшырылымы «СЭС-6» байланыс ғарыш аппаратын орбитаға шығаруға арналған.

Сонымен қатар маусым айында «Союз-2.1б»  зымыран-тасығышының көмегімен жүзеге асырылатын «Ресурс - П» жерді қашықтан зондтау ғарыш аппаратының ұшырылымы болады.

Роскосмос баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше 30 мамыр күні «Бриз-М» үдеткіш блогы және «СЭС-6» ғарыш аппараты бар «Протон-М» «Байқоңыр» ғарыш айлағының № 200 кешеніне шығарылып, орнатылды. Ұшырылым биылғы маусым айының басына жоспарланып отыр.


Тегтер:

космос

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!