Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізудің форматы өзгермейді

Фотография - Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізудің форматы өзгермейді

Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге мектеп түлектерінің 70 пайызы қатысады

254 0

Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге мектеп түлектерінің 70 пайызы қатысады.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Қали Әбдиев мәлім етті.

«Ағымдағы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу форматы өзгермейді. 155 ҰБТ өткізу пункттерінде 100 мыңдай түлек, яғни жалпы мектеп бітірушілердің 70 пайызы қатысады. Атап айтқанда, ҰБТ-ның бұрынғы ережесі сақталатын болады»,-деді Қ. Әбдиев.

Оның айтуынша, алғашқы күні тестілеу 56 пунктте өтіп, 25 мың 756 түлек бақтарын сынайтын болады.

Айта кетейік, биылғы ҰБТ 3-15 маусым аралығында болады. Жалпы ҰБТ осымен 10-шы мәрте өткізіліп отыр. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 9 жыл ішінде 1 млн. 240 мың адам қатысты. Бұл мектеп түлектерінің жалпы санынан 80 пайызды құрайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!