Марсқа ұшқан ғарышкерлер тірі қалмайды

Фотография - Марсқа ұшқан ғарышкерлер тірі қалмайды

Марсқа ұшатын ғарышкерлер аса үлкен көлемдегі радиациялық сәулелердің салдарынан қатерлі ісікке шалдығып, көп ұзамай ажал құшады. Сондай-ақ олардың көзі мен жүйке жүйесі де зардап шегеді

290 0

Марсқа ұшатын ғарышкерлер аса үлкен көлемдегі радиациялық сәулелердің салдарынан қатерлі ісікке шалдығып, көп ұзамай ажал құшады. Сондай-ақ олардың көзі мен жүйке жүйесі де зардап шегеді. Curiosity құрылғысының қызыл ғаламшардан жіберген мәліметтеріне қорытынды жасаған NASA мамандары осындай пікірге келіп отыр, деп хабарлайды BBC.

Марсқа жету үшін астронавтарға 360 күн қажет болады, осы аралықта олар әдеттегі ғарышкерлерден алты есе көп радиация алады. Сонымен қатар ғаламшардың бетінде де адам өміріне қауіпті сәулелер бар көрінеді.

«Қазіргі жағдайда адамды Марсқа жіберу өте қауіпті» , - деп атап өтті Хьюстондағы ғарыш орталығының қызметкері Эдвард Симонес. Тәуекелді болдырмаудың жалғыз амалы - қызыл ғаламшарға дейін жүретін уақытты қысқартып, оған бірнеше аптада жету. Алайда бүгінде ондай жылдамдықпен ұша алатын зымыранды адамзат баласы ойлап тапқан жоқ.

Естеріңізге салайық, 22 сәуір күні Mars One жобасы басталған болатын. Оның мақсаты - 2023 жылы Марсқа алғашқы адамдарды аттандыру. Қызыл ғаламшарға атанатын төрт астронавт сол жерге қоныстанып, қалған өмірін сонда өткізеді. Алдын ала жіберілетін роботтар оларға үй салып береді. Өмірлерінің соңына дейін Марста өткізуге бел буып, осы жобаға қатысуға өтініш білдіріп отырғандар саны бүгінде 80 мыңға жетіп қалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!